share [ʃeə(r)] A.v 1.бөлу, бөлісу, үлестіру, тарату ♦∼ smth among/between smb We shared the pizza between the four of us. – Пиццаны төртеуміз бөліп жедік. ♦∼ smth out among/between smb Rita shared her money out among her six grandchildren. – Рита ақшаны алты немересіне бөліп берді/ таратып берді/ үлестірді. ♦∼ smth out Profits are shared out yearly. – Пайданы/ Табысты жыл сайын бөледі/ үлестіреді. ♦∼ smth All members of the band equally share the band's profits. – Муз-қ ансамбльдің барлық мүшесі табысты теңдей бөліседі. ♦∼ smth with smb He shared the pie with her. – Ол тоқашты онымен бөлісті. ♦The Hungarian king shared power with the Austrian emperor to form the Austro-Hungarian Empire. – Венгрия королі Австрия императорымен билік(ті) бөлісіп, Австрия-Венгрия империясын құрды. ♦∼ in smth Each partner is entitled to share in the profits of the business. – Әр партнер бизнестегі табыспен бөлісуге хақы бар. ♦John had no brothers or sisters and wasn't used to sharing. – Аға-інісі не әпке-қарындасы болмағандықтан Джон бөлісіп үйренбеген еді. ♦∼ smth The conference is a good place to share information and exchange ideas. – Конференция информация бөлісетін, идея алмасатын жақсы жер. ♦Eli shared his chocolate with the other kids. – Эли шоколадты басқа балалармен бөлісіп жеді. ♦There isn't an empty table. Would you mind sharing? – Бос стол жоқ. Жаныңызға отырса бола(ды) ма? ♦∼ smth to share a room/bed – бір бөлмеде бірге тұру/ бір төсекте бірге жату ♦It's been 23 years since these four men shared a stage. – 23 жыл болды төрт кісі сахнада бірге өнер көрсетіп келеді. ♦∼ smth with smb Sue shares a house with three other students. – Сью үйде басқа үш студентпен бірге тұрады. ♦Bob told Jess he wanted to share his life with her. – Боб (жігіт) Джеске (қызға) үйленейік деп ұсыныс айтты. 2.бірдей/ ортақ сезімі/ ойы/ пікірі, тб болу ♦∼ smth to share a concern/an opinion – бірдей уайымда/ пікірде болу ♦shared values – ортақ құнды дүниелер/ құндылықтар ♦They shared a common interest in botany. – Екеуі де ботаникаға қызығады. ♦a view that is widely shared – кең тараған пікір ♦They share a love of cinema. – Олар киноны жақсы көреді. ♦People often share their political views with their parents. – Ата-анасының саяси көзқарасы қандай болса, баласыныкі де сондай болады. ♦∼ in smth I didn't really share in her love of animals. – Мен ол сияқты жануарларды жақсы көрмейтінмін. 3.басқаларға ойын/ пікірін/ сезімін айту, ойымен, тб бөлісу ♦∼ smth to share thoughts/ideas/feelings/memories – ойын/ идеяларын/ сезімдерін/ есте қалғандарын айту ♦Men often don't like to share their problems. – Еркектер көбінесе қиындықтарын айтқылары келмейді. ♦The two friends shared everything - they had no secrets. – Екі дос бір-бірінен ештеңе жасырмайтын. ♦Please share this on Facebook and Twitter so we can get the word out. – Осыны фейсбук пен твиттер арқылы бөлісіңіз, осылайша тиісті дерек тараталық. ♦I want to share the stories of several people I met. – Өзім жолықтырған бірнеше адамның әңгімесін айтқым келеді. 4. бірдей жауапты/ қатысты, тб болу, бірлесе істе(с)у ♦∼ smth Both drivers shared the blame for the accident. – Оқиға үшін екі жүргізуші де жауапты болды. ♦∼ smth with smb Don't try to do everything yourself: you will need to share the load with your partner. – Бәрін өзің істеуге тырыспа: жүкті әріптесіңмен бөлісуің керек. ♦be ∼d between A and B Responsibility is shared between parents and teachers. – Ата-ана да, мұғалім де жауапты. ♦∼ in smth I try to get the kids to share in the housework. – Балаларға үй жинатуға тырысамын. 5. (idm) *share and share alike (saying) не нәрсе болсын бірдей/ теңдей бөлісу керек *a trouble shared is a trouble halved (saying) қиын нәрсемен бөліссең, (ол) ортаяды B.n 1.үлес, енші (біреуге тиесілі бөлік) ♦∼ of smth Next year we hope to have a greater share of the market. – Келесі жылы рыноктағы/ базардағы үлесіміз үлкенірек болады деп үміттенеміз. ♦The party won its biggest share of the vote since 1992. – Партияның ең көп дауыс алған кезі 1992 жыл болды. ♦The new TV channel has continued to increase its share of advertising revenue. – Жаңа телеарнаның жарнамадан түсетін табысы ұлғаюда. ♦The three hospitals will each receive an equal share of the money raised. – Жиған ақшаны үш аурухана теңдей бөліп алады. ♦∼ in smth I have a 50 per cent share in the business. – Бизнесте/ Кәсіпорында 50 процент үлесім бар. ♦a share in a property – үй-жайдағы біреудің үлесі/ еншісі ♦(BrE) I'm looking for a flat share. – Біреумен бірге (жалдап) тұратын пәтер іздеп жүрмін. 2.біреуге тиісті бөлік/ үлес ♦We all did our share. – Әрқайсысымыз өзімізге тиісті іс(ті) істедік./ Бәріміз өз ісімізді істедік. ♦∼ of smth Everyone must accept their share of the blame. – Әркім өзіне қатысты кінәні мойындауы тиіс. ♦Churchill bore a huge share of the responsibility for this failure. – Черчилль осы сәтсіздік үшін көп кінәлі еді. ♦We must all do our share of the work. – Бәріміз өз ісімізді істеуге тиіспіз. 3.біреуге жеткілікті/ қажет бөлік/ мөлшер ♦He always eats more than his share. – Ол қомағайланады да жүреді. ♦∼ of smth I've had my share of luck in the past. – Бұрын жолым болып келді. ♦The industry has had its share of problems this year. – Индустрия биыл қиналардай-ақ қиналды. ♦It is right to pay your full share of tax. – Өзіңе тиесілі салықты толық төлеген жөн. 4.әлеуметтік желі арқылы хабар тарату, хабармен бөлісу ♦The campaign has already received 180 000 shares on Twitter. – Науқанды/ Кампанияны твиттерде бөліскендер саны қазірдің өзінде 180 мың болды. 5.акция (құнды қағаз) ♦to have/hold/own shares – акциялары болу ♦to buy/sell/trade shares – акция сатып алу/ сату/ саудалау ♦The company's shares fell 4.37 per cent. – Компания акциялары 4.37 процентке арзандады. ♦Earnings per share are growing. – Акциядан түсетін табыс артуда. ♦∼ in smth They acquired shares in the company earlier this year. – Биыл жыл басында олар компаниядан акция(лар) сатып алды. ♦a fall in share prices – акция бағаларының құлауы ♦The airline's shares closed up 8p at 171p. – Авиакомпания акциялары 8 пенске артып, 171 пенс болды. 6. = ploughshare, plowshare 7. (idm) *(more than) your fair share of smth [қ-з: fair (А9)] *the lion’s share (of smth) [қ-з: lion (2)] *a share/slice of the cake (BrE) (a piece/slice/share of the pie) [қ-з: pie (2)]
-share [ʃeə(r)] comb form 1.бөлісу, бөлі(сі)п істеу, тб ♦a job-share – жұмысты бөлі(сі)п істеу 2.бөлісу, ортақтасу, бірігу ♦(especially BrE) We encourage people to carshare to reduce congestion on the roads. – Жолдағы кептелісті азайту үшін кісілердің бір көлікті ортақ пайдаланғанын қалаймыз. ♦(NAmE) to rideshare – көлікті бірлесе айдау