sharp [ʃɑːp] A.adj (sharper, sharpest) 1.өткір, лыпылдаған; үшкір (opp: blunt) ♦a sharp knife – өткір пышақ ♦Toys with sharp edges are not suitable for young children. – Жиектері өткір ойыншықтар балаларға жарамайды. ♦sharp teeth – өткір тіс(тер) ♦a sharp pencil – үшкір қарындаш 2.күрт, кенет ♦a sharp drop in prices – бағалардың күрт түсуі ♦a sharp rise in crime – қылмыстың күрт өсуі ♦a sharp increase in unemployment – жұмыссыздықтың күрт артуы ♦the sharp decline in the value of the pound against the dollar – фунттың долларға шаққандағы құнының күрт құлдырауы 3.анық, айқын, нақ(ты); тұнық ♦a sharp outline – айқын сұлба/ кескін ♦The photograph is not very sharp. – Фотография онша тұнық емес. ♦She drew a sharp distinction between domestic and international politics. – Ол ішкі және сыртқы саясаттың ара жігін ашты. ♦The issue must be brought into sharper focus. – Мәселеге үңіле түсу керек. 4. (көз, ақыл-ой ж) өткір; ұшқыр, тапқыр ♦to have sharp eyes – көздері/ жанары өткір болу ♦a girl of sharp intelligence – өте ақылды қыз ♦a sharp sense of humour – мықты әзіл сезімі ♦He kept a sharp lookout for any strangers. – Ол бөтендерге қырағы еді. ♦Her mind was as sharp as a razor. – Ойы ұстарадай өткір еді. 5. (сын, сөз ж) ащы, ауыр, өткір ♦sharp criticism – ащы сын ♦Emma has a sharp tongue. – Эмманың тілі ащы/ өткір. ♦∼ with smb He was very sharp with me when I was late. – Кешіккенімде ол маған (айтып-)айтып тастады. 6. (дауыс, дыбыс ж) қатты ♦She read out the list in sharp, clipped tones. – Ол тізімді дауыстай, тақылдай оқып шықты. ♦There was a sharp knock on the door. – Есікті біреу қатты тоқылдатты. 7. (шаншу не сезім ж) ащы, қадалған, қарыған (syn: intense) ♦He winced as a sharp pain shot through his leg. – Аяғы шаншып кеткенде беті тыржиды. ♦Polly felt a sharp pang of jealousy. – Поллиді қызғаныш қарып өтті. 8.кілт, күрт, кенет, бірден ♦a sharp bend in the road – жолдағы кілт иін/ бұрылыс ♦a sharp turn to the left – оңға кілт/ күрт бұрылу 9. (дәм ж) өткір ♦The cheese has a distinctively sharp taste. – Сырдың (ірімшіктің) ерекше өткір дәмі бар. 10. (аяз не жел ж) өте суық, қатты, өңменнен өтетін 11. (disapproving) әккі, жымысқы ♦His lawyer's a sharp operator. – Адвокаты – әккі. ♦The firm had to face some sharp practice from competing companies. – Фирма бәсекелес компаниялардың әккілігін көрді. 12.сәнді әрі жаңа (киім) ♦The consultants were a group of men in sharp suits. – Консультанттар шікірейе киінген бір топ адам еді. ♦Todd is a sharp dresser. – Тод – киінгіш. 13. келбеті кескінді, бет-жүзі кескінделген ♦a man with a thin face and sharp features – сопақ жүзді, келбеті кескінді адам 14. до-диез, фа-диез, тб (дыбысты жарты тон көтеру белгісі) (opp: flat) ♦the Piano Sonata in C sharp minor – до-диез минордағы пианиноға арналған соната 15.тым жоғары/ қатты (нота) (opp: flat) ♦That note sounded sharp. – Ана нота тым қатты шықты. 16. (idm) *not the sharpest knife in the drawer | not the sharpest tool in the box (informal, humorous) «тартпадағы өткір пышақ емес», ақылды емес ♦He's not exactly the sharpest knife in the drawer, is he? – Онда ұшқыр ақыл жоқ, солай емес пе? *the sharp end (of smth) (BrE, informal) қиын жағдай/ тұс ♦We were always on the sharp end of clients’ complaints. – Бізді клиенттер шағымдарымен түйреп жататын. B.adv 1.нақ(ты), дәл, дәп, дөп ♦Please be here at seven o'clock sharp. – Осында дәл сағат жетіде болғын/ болшы/ болыңыз(шы). 2. (BrE) ∼ left/right кілт/ шалт/ бірден/ күрт солға/ оңға ♦The road turns sharp left at the bottom of the hill. – Төбенің түбінде жол кілт солға кетеді. 3. (sharper) тым жоғары/ қатты (нота) (opp: flat) 4. (idm) *look sharp (BrE, informal) тез/ жылдам болу ♦You'd better look sharp or you'll be late. – Асықпасаң, кешігесің. C.n 1. (music) (♯) до-диез, фа-диез, тб (дыбысты жарты тон көтеру белгісі) (opp: flat) ♦It's a difficult piece to play, full of sharps and flats. – Бұл тұсты ойнау қиын, диез бен бемольге толы. 2. ∼s (medical) үшкір-өткір нәрселер (м: инелер, уколдар, тб) ♦the safe disposal of sharps – үшкір нәрселерді дұрыс тастау ♦sharps injuries – үшкір нәрселерден болған жарақат(тар)