sheet [ʃiːt] n 1.тыс, шыт, (ақ)жайма, төсек жайма (төсекке төселетін үлкен ақ, тб мата) (простыня) ♦Have you changed the sheets? – Тыстарды/ Жаймаларды ауыстырдың ба? ♦He slid between the sheets and closed his eyes. – Тыстардың арасына күмп етіп, көзін жұмды. ♦white bed sheets – төсектік ақ шыт(тар)/ жайма(лар) 2.парақ, бет, қағаз ♦∼ of smth a clean/blank sheet of paper – таза парақ ♦a sheet of A4 - A4 (көлемді) парақ ♦Start each answer on a fresh sheet. – Әр жауапты таза беттен баста. ♦information sheets – дерек қағаздар 3. бет, қабат, табақ, лист ♦∼ of smth a sheet of glass/plastic/plywood/steel – бір бет/қабат/ лист әйнек/ пластик/ фанера/ болат ♦sheet metal – бет/ табақ металл, лист металл 4.қабат, жамылғы ♦∼ of smth The road was covered with a sheet of ice. – Жолға жұқа мұз тұрыпты. 5.түйдек, лек, шоғыр ♦a sheet of flame – түйдек жалын ♦The rain was coming down in sheets. – Жаңбыр шелектеп жатты. 6. (specialist) желкеннің астына байланған арқан не шынжыр 7. (idm) *a clean sheet/slate «таза парақ», жұмыстағы, тб мінсіздік ♦No government operates with a completely clean sheet. – Сүрінбейтін үкімет жоқ. ♦They kept a clean sheet in the match. – Матчта олар гол жібермеді.