shift [ʃɪft] A.n 1. (жұмыстағы) ауысым, смена ♦to work a shift – ауысыммен/ сменамен істеу ♦I've just finished an eight-hour shift. – Енді ғана сегіз сағаттық ауысымнан/ сменадан шықтым. ♦in ∼s working in shifts - ауысыммен/ сменамен істеу ♦on a ∼ to be on the day/night shift at the factory – заводта күндізгі/ түнгі ауысымда/ сменада болу ♦shift workers/work – ауысыммен/ сменамен істейтін жұмысшылар/ жұмыс ♦The night shift has/have just come off duty. – Түнгі ауысым/ смена енді ғана бітті. 2.өзгеріс, ойысу ♦a major policy shift – саясаттағы ірі өзгеріс ♦a sudden shift to the right in British politics – Британия саясатының кенет оңға ойысуы ♦a shift in policy – саясаттағы өзгеріс ♦a dramatic shift in public opinion – қоғам пікірінің қауырт өзгеруі ♦a significant shift in attitudes to the war – соғысқа деген көзқарастың әжептәуір өзгерісі ♦With the shift of power in the Senate, the bill's fate is in doubt. – Сенаттағы биліктің ауысуына орай заң жобасына не болары белгісіз. ♦∼ towards smth A gradual shift towards renewable energy would mean reduced carbon emissions. – Жаңаратын энергияға баяу ойысу көміртегімен ластануды азайтпақ. ♦∼ from smth to smth In developed countries there has been a shift from manufacturing to services. – Дамыған елдер өндірістен қызметке ойысты. 3. (also ∼ key) (компьютер клавиатурасындағы) shift (ауысу) клавиші 4.тұтас (пішімді) көйлек 5. (бұрынғы кездері әйелдер киген) тұтас іш киім B.v 1.қозғалу, жылжу, көшу, ауысу, ойысу; қозғау, жылжыту, ауыстыру, көшіру, ысыру ♦Lydia shifted uncomfortably in her chair. – Лидия креслосында ыңғайсыз қозғалды. ♦I shifted uneasily under his gaze. – Оның қарасынан ыңғайсыздана қозғалдым. ♦The action of the novel shifts from Paris to London. – Роман желісі Парижден Лондонға ойысады. ♦∼ to smb/smth The main hub of America's dairy industry is shifting to New Mexico and Idaho. – Американың сүт индустриясының негізгі өзегі Нью-Йорк пен Айдахоға ойысуда. ♦∼ smth Could you help me shift some furniture? – Біраз мебельді қозғауға көмектесесің бе? ♦Julie shifted her position slightly and smiled. – Джули сәл қозғалды да жымиды. ♦She shifted her weight from one foot to the other. – Ол салмағын бір аяғынан екіншісіне салды. ♦∼ smth to smth More Japanese manufacturers are shifting production to China. – Көптеген жапон өндірісшілері өндірісті Қытайғы жылжытуда. ♦∼ smth We need to shift the focus of this debate. – Бұл дебат/ пікірталас назарын басқа жаққа бұруымыз керек. ♦(ауысп мағ) He tried to shift the blame for his mistakes onto his colleagues. – Ол өз қателері үшін кінәні әрітестеріне ысырғысы келді. 2. ∼ (yourself) (BrE, informal) тез қозғалу, жылдамдату (syn: hurry) 3.өзгеру, ауысу, ойысу ♦Public attitudes towards marriage have shifted over the past 50 years. – Үйленуге/ Некеге қатысты қоғам пікірі кейінгі елу жылда өзгерді. ♦constantly shifting alliances – одақтастардың өзгеріп отыруы ♦The press's attention shifted elsewhere, at least temporarily. – Баспасөз назары уақытша болса да басқаға ойысты. ♦The public's attitude had shifted dramatically. – Қоғам пікірі/ ниеті қауырт өзгерді. ♦∼ (away) from smb/smth I felt the advantage had suddenly shifted away from us. – Басымдықтың кенет бізден кеткенін сездім. ♦∼ to/towards/toward smb/smth Her sympathies gradually shifted to the side of the protesters. – Бірте-бірте оның бүйрегі протесшілерге/ наразыларға бұра бастады. 4. ∼ smth кірді, тб кетіру (syn: get rid of smth) ♦a detergent that shifts even the most stubborn stains – сіңіп қалған дақты да кетіретін жуғыш зат 5. ∼ smth сату ♦They cut prices drastically to try and shift stock. – Олар бағаларды қатты түсіріп, заттарды сатып жіберуге тырысты. 6. (NAmE) (машинада) жылдамдықты/ скорості өзгерту/ ауыстыру ♦to shift into second gear – екіге салу 7. (idm) *shift your ground (usually disapproving) пікірін өзгерту ♦Each time he seemed to be losing the argument, he just shifted his ground. – Пікірталаста ұтылайын деген сәт сайын ол пікірін өзгертіп отырды. *(the) shifting sands (of smth) [қ-з: sand (А2)] 8. (phr v) *shift for yourself (BrE) өз ісін өзі істеу ♦You're going to have to shift for yourself from now on. – Бұдан былай өзіңе (өзің) сүйенетін боласың.