shock [ʃɒk] A.n 1.сілею, қалшию, сіресу, абдырау(шылық), аңыру, қақырау, мелшию, аңтарылу, тыну, абыржу, шош(ыт)у, сең соққандай болу, шіміркену, шымырқану, түршігу, есеңгіреу, сасу, дағдару, сілкіну, дүр сілкіндіру ♦I got a terrible shock the other day. – Әнеу күні сең соққандай болдым/ сұмдық абдырадым. ♦When I added up the cost it gave me quite a shock. – Бағасын қосқанымда, қалшидым да қалдым. ♦The news of my promotion came as a shock. – Қызметте өскеніме абдырап қалдым. ♦The price came as something of a shock. – Бағасы сілейтіп/ қақыратып тастады. ♦in ∼ She stared at him in shock for a moment. – Ол оған сілейе/ мелшие/ абдырай қарады. ¨He's still in a state of shock. – Ол әлі қалшиған/ сірескен/ мелшиген қалпында. ♦∼ of smth The party has hardly recovered from the shock of its defeat in May. – Партия мамырдағы ойсырай жеңілістен әлі есін жия қоймады. ♦∼ of doing smth She still hadn't got over the shock of seeing him again. – Ол оны көргеннен кейін әлі қақырап/ есін жия алмай жүрген. ♦∼ for smb/smth This must be quite a shock for you all. – Бұл бәріңді де сілейтіп/ мелшитіп тастаған болар. ♦The team suffered a shock defeat in the first round. – Команда бірінші айналымда ойда жоқта жеңіліп қалды. ♦Neighbours expressed shock at the news. – Хабарды естіп көршілері сілейіп/ мелшиіп/ қақырап/ абдырап қалды. 2. қақырау, қансырау, шок ♦Many passengers were treated for shock. – Жолаушылардың көбін шоктан/ қақыраудан емдеді. ♦She was taken to hospital suffering from shock. – Ол қақырап, ауруханаға алып кетті. ♦He isn’t seriously injured but he is in a state of shock. – Ол ауыр жарақаттанбағанымен, қақырап қалды/ шок халінде. ♦He had gone into shock and was shaking violently. – Ол шок күйіне түсіп/ қақырап, қалшылдай бастады. 3.жер сілкінісі; (жарылыстан болған, тб) сілкініс, сілкіну, шок ♦The shock of the explosion could be felt six miles away. – Жарылысты алты миль жерден сезуге болатын. ♦The bumper absorbs shock on impact. – Бампер ұрылған кезде сілкіністі/ шокты сіңіреді. 4. (also electric ∼) ток соғу, электр шогы ♦Don't touch that wire or you'll get a shock. – Сым темірге тиіспе, ток соғады. ♦He gave himself a mild shock while changing a light bulb. – Лампаны ауыстырған кезде оны ток сәл тыз еткізді. 5. ∼ of hair қалың шаш ♦She's a large plump woman with a shock of red hair. – Ол қалың шашты ірі толық әйел еді. 6. (idm) *shock horror (BrE, informal, often humorous) абдыраған/ қақыраған болып көріну ♦The article reports on a celebrity who - shock horror - has gained weight! – Мақала, сұмдық-ай, бір әйгілінің салмақ қосқаны жайлы жазады! B.v 1.сілею, тб [қ-з: shock (А1)] ♦The news had shocked her deeply. – Хабар оны сілейтіп тастады. ♦It shocks you when something like that happens. – Осы сияқты бірнәрсе адамды сілейтеді/ есеңгіретеді. ♦His death shocked the community. – Оның өлімі қауымды есеңгіретіп тастады. ♦∼ smb that… It shocked her that he would do such a thing. – Оның (еркектің) бұндай іске дәтінің баратыны оның (әйелді) жағасын ұстатты. 2. (анайы тіл, әдепсіздік, тб ж) түршігу, шіміркену, шамға тию, шошыту ♦These movies deliberately set out to shock. – Бұндай фильмдер адамды әдейі түршіктіреді. ♦∼ smb She enjoys shocking people by saying outrageous things. – Кейде оның ерсі сөйлеп жұртты абдырататыны бар. ♦He had old-fashioned ideas and was easily shocked. – Ол көнешіл әрі шамшыл еді.