shoot [ʃuːt] A.v (pt, pp shot [ʃɒt]) 1. (оқ) ату ♦Don't shoot - I surrender. – Атпа – берілемін. ♦The police rarely shoot to kill. – Полиция сирек көздеп атады. ♦The soldiers were given orders to shoot on sight. – Солдаттарға біреуді көрсе бірден атуға бұйрық берілді. ♦∼ at smb/smth troops shooting at the enemy – жауға оқ атып жатқан әскерлер ♦∼ smth Have you ever shot a gun before? – Бұрын атып көріп пе едің? ♦They shot the lock off. – Олар құлпыны атып ашты. ♦He shot an arrow from his bow. – Ол садағынан жебе атты. ♦Does this gun actually shoot? – Мына мылтық ата(ды) ма? ♦∼ smth This is just a toy gun - it doesn't shoot real bullets. – Бұл әшейін ойыншық мылтық қой – шын оқ атпайды. 2.ату, атып өлтіру я жаралау, оққа ұшу ♦They were shot in the back while trying to escape. – Олар қашқанда артынан атты. ♦A man was shot in the leg. – Кісінің аяғынан атқан. ♦In the struggle the burglar was shot with his own gun. – Айқасқанда ұрыны өз қаруымен атқан. ♦Four policemen were fatally shot during the incident. – Оқиғада төрт полицей өлімші болып жараланған. ♦Three people were shot dead during the robbery. – Тонау кезінде үш адам оққа ұшқан. ♦Forty people a day are shot and killed in this country. – Бұл елде күніне қырық адам оққа ұшады. 3. ∼ (smth) аңға шығу, аң аулау/ ату ♦to shoot pheasants – қырғауыл ату ♦They go shooting in Scotland. – Олар Шотландияда аңға шықты. 4.фильм не фотография түсіру ♦Cameras ready? OK, shoot! – Камералар таяр ма? Онда түсір! ♦∼ smth to shoot a film/video/scene – фильм/ видео/ көрініс түсіру ♦The film crew returned to the area to shoot more footage. – Фильм түсіруші топ ол жерге барып тағы түсірді. ♦∼ smth Where was the movie shot? – Киноны қайда түсірген? 5.зу/ зып ете қалу, шалт қимылдау, ытқу ♦A plane shot across the sky. – Самолет аспаннан зу ете қалды. ♦Her hand shot out to grab my wrist. – Қолымен шап беріп білегімнен ұстады. ♦Flames were shooting up through the roof. – Шатырдан жалын лапылдап жатты. ♦∼ smth She shot out her hand to grab my wrist. - Қолымен шап беріп білегімнен ұстады. ♦a shooting pain in the back – арқасы шаншып кету ♦The pain shot up her arm. – Қолы шаншып кетті/ тыз ете қалды. 6. (бірн-е) бағыттау, (сұрақ) жаудырту, тб ♦∼ smth at smb Journalists were shooting questions at the candidates. – Журналистер кандидаттарға сұрақ жаудыртып жатты. ♦She shot an angry glance at him. – Көзімен оны түйреп өтті. ♦∼ smb smth She shot him an angry glance. – Көзімен оны түйреп өтті. ♦Darren shot her a filthy look. – Даррен оған ыздиа қарады. 7. (футболда, хоккейде, тб) тебу, бағыттау, соғу, ұру ♦He should have shot instead of passing. – Пас берудің орнына ол бірден тебуі/ соғуы керек еді. ♦Marta shot wide, but scored minutes later. – Марта қисық тепті де бірнеше минуттан соң гол кіргізді. ♦(especially NAmE) ∼ smth After school we'd be on the driveway shooting hoops. – Сабақтан соң жолда баскетбол ойнайтын боламыз. 8. (idm) *be like shooting fish in a barrel (informal) «бөшкеде/ кеспекте балық атқандай», өте оңай ♦What do you mean you can't do it? It'll be like shooting fish in a barrel! – Істей алмаймын дегенің не? Оп-оңай нәрсе ғой! *give/shoot smb a dirty look [қ-з: look (В7)] *have shot your bolt (informal) барлық күшін, ақшасын, қорын жұмсап тастау *shoot the breeze/bull (NAmE, informal) шүйіркелесу, жай әңгімелесу (syn: chat) ♦We sat around in the bar, shooting the breeze. – Барда әңгімелесіп отырдық. *shoot from the hip бірден әрекет ету, бірден әрекетке көшу *shoot it out (with smb) (informal) атысу ♦The gang decided to shoot it out with the police. – Қылмыскерлер полициямен атыспақ болып шешті. *shoot the messenger [қ-з: messenger (2)] *shoot your mouth off (about smth) [қ-з: mouth (А8)] *shoot the rapids қайықпен қатты ағыста жүзу *shoot to fame/stardom әйгілі/ жұлдыз болып шыға келу *shoot yourself in the foot (informal) өзіне-өзі кесірі тию, өз-өзіне жамандық жасау 9. (phr v) *shoot smb/smth down a) атып түсіру/ құлату ♦Several planes were shot down by enemy fire. – Жау оғы бірнеше самолетті атып түсірді. b) қатты сынау, сын көзімен қарау ♦His latest theory has been shot down in flames. – Оның кейінгі теориясын аямай сынға алды. *shoot for smth (NAmE, informal) қиын нәрсеге қол жеткізуге тырысу ♦We've been shooting for a pay raise for months. – Айлап жалақыны өсіру үшін айқастық. *shoot off (informal) тез кетіп қалу (syn: dash) ♦I had to shoot off at the end of the meeting. – Жиналыстың соңында тез тайып тұрдым. *shoot smth off (NAmE) фейерверк/ отшашу жандыру (syn: let smth off, set smth off) *shoot up a) тез өсу ♦Their kids have shot up since I last saw them. – Соңғы көргелі бері (олардың) балалары өсіп кетіпті. b) күрт/ қауырт қымбаттау ♦Ticket prices shot up last year. – Өткен жылы билет бағасы шарықтап кетті. c) (slang) өзіне уколмен наркотик/ есірткі салу *shoot smth up a) атып ауыр зиян/ нұқсан келтіру b) (slang) өзіне уколмен наркотик/ есірткі салу B.n 1. (өсімдік ж) өскін, сабақ ♦new green shoots – жаңа жасыл өскіндер ♦bamboo shoots – бамбук өскіндері 2. фильм не фотография түсіру ♦a fashion shoot – сән/ мода түсіру 3. (especially BrE) аңға шығу, аң аулау/ ату C.excl 1. (NAmE) құрығыр, қап ♦Shoot! I've forgotten my book! – Қап! Кітабымды ұмытып кетіппін! 2. (especially NAmE) жарайды, болады