short [ʃɔːt] A.adj (shorter, shortest) 1.қысқа (opp: long) ♦He had short curly hair. – Оның шашы қысқа, бұйра еді. ♦a short walk/distance – қысқа жүріс/ қашықтық ♦a short skirt – қысқа юбка ♦a short time/period/while – қысқа уақыт/ кезең/ кез ♦a short answer – қысқа жауап ♦a short book – қысқа кітап ♦She has a very short memory. – Ол есінде сақтай алмайды. ♦a short span of time – қысқа уақыт 2.аласа; қысқа бойлы; қортық (opp: tall) ¨He was a short, fat little man. – Ол аласа (бойлы), семіз адам еді. ♦She was short and dumpy. – Ол аласа, толық еді. 3.аз, жеткілікті емес ♦I'm afraid I'm a little short this month. – Осы айда ақшам жетіңкіремей тұр. ♦∼ of smth She is not short of excuses when things go wrong. – Қатесі болса ол сылтау табады. 4. ∼ on smth (informal) аз, жеткілікті емес ♦He was a big, strong guy but short on brains. – Зіңгіттей мықты жігіт болғанымен, оған ақыл жетпейтін. ♦to be short on time – уақыты аз болу ♦The article is pretty short on details. – Мақалада дерек аз. 5. ∼ (of smth) аз, кем, жетпеген ♦Her last throw was only three centimetres short of the world record. – Оның соңғы лақтырысы әлем рекордына үш сантиметр жетпеді. ♦The team was five players short. – Командаға бес ойыншы жетпеді. 6. ∼ of breath тыныс жетпеген, әрең дем алған ♦a fat man, always short of breath – әрең дем алатын семіз адам 7.қысқа, қысқаша/ қысқарта айтқанда ♦∼ for smth Call me Jo - it's short for Joanna. – Мені Джо деңіз – Джоаннаның қысқасы. ♦for ∼ file transfer protocol or FTP for short 8. ∼ (with smb) қысқа сөйлеу/ қайыру ♦I'm sorry I was short with you earlier - I had other things on my mind. – Ғафу ет, бағана сенімен қысқа (ғана) сөйлестім – ойымда басқа нәрселер бар еді. 9. (phonetics) қысқа дауысты (дыбыс) (opp: long) ♦Compare the short vowel in ‘full’ and the long vowel in ‘fool’. - ‘Full’ сөзіндегі қысқа дауысты мен ‘fool’-дағы ұзақ дауыстыны салыстыр. 10. (idm) *at short notice | at a moment’s notice (NAmE also on short notice) [қ-з: notice (А9)] *a brick short of a load, two sandwiches short of a picnic, etc. (informal) ақымақ, суми *full/short measure [қ-з: measure (В10)] *get the short end of the stick (NAmE) (BrE draw the short straw) [қ-з: draw (А17)] *give smb/smth short shrift | get short shrift біреуге онша көңіл бөлмеу *have/be on a short fuse ашушаң/ шамшыл болу *have a quick/short temper ашушаң болу, тез ашулану *in the long/short/medium term [қ-з: long (А8)] *in short order [қ-з: order (А15)] *in the short run [қ-з: (В17)] *in short supply аз, жетіспеген, тапшы ♦Basic foodstuffs were in short supply. – Ең қажетті азық жетіспеді. ♦Safe drinking water is in desperately short supply. – Таза ауыз су өте тапшы болуда. *(still) in short trousers (BrE) әлі бала ♦I was still in short trousers at the time. – Ол кезде әлі бала едім. *life’s too short [қ-з: life (6)] *little/nothing short of smth аздап, сәл ♦Last year's figures were little short of disastrous. – Өткен жылғы көрсеткіштер сұмдық бола жаздады. *(to cut a) long story short (BrE) (NAmE (to make a) long story short) [қ-з: long (А8)] *make short work of smth/smb оңай жеңу/ тындыру ♦Liverpool made short work of the opposition. – Ливерпуль қарсыласын оңай жеңді. ♦He made short work of his lunch. – Ол тамағын тез ішті. ♦Mike made short work of fixing the engine. – Ол моторды тез жөндеді. *short and sweet (informal) қысқа да жайлы *(as) thick as two short planks [қ-з: plank (3)] B.adv (shorter, shortest) 1.жетіспеген, жетпеген, аз, кем ♦I'd never let you go short of anything. – Сен үшін бәрін жасаймын. ♦Mothers regularly go short of food to ensure their children have enough. – Балалары тоқ жүрсін деп аналар ұдайы тамақтан тартынады. ♦They had run short of fuel. – Олардың отыны таусылды. 2.қысқа(лау, -рақ), жетпеген ♦All too often you pitch the ball short. – Допты жиі жеткізбей соғасың. 3.мерзімінен бұрын, ерте, қысқа ♦I'm afraid I'm going to have to stop you short there, as time is running out. – Уақыт таусылып бара жатқандықтан сізді, өкінішке орай, ерте тоқтатамын-ау деймін. ♦His career was cut short by injury. – Карьерасы жарақатына байланысты ерте аяқталды. 4. (idm) *be caught short (BrE also be taken short) а) (BrE, informal) түзге отырғысы келіп кету, туалетке барғысы келіп кету b) ыңғайсыз жағдайға қалу *fall short of smth | fall short of the mark талапқа/ стандартқа сай болмау ♦The hotel fell far short of their expectations. – Қонақ үй олар ойлағандай болмай шықты. *pull, bring, etc. smb up short кенет тоқтау/ кідіру ♦I was brought up short by a terrible thought. – Сұмдық ой есіме сап ете түсіп, кідірдім. *sell smb/yourself short [қ-з: sell (А6)] *short of (doing) smth бірнәрсесіз; ешнәрсе істеместен; өйтпейінше ♦Short of a miracle, we're certain to lose. – Мұғжиза болмаса/ Ғажайып бірнәрсе болмаса, ұтыларымыз анық. *stop short | stop smb short кенет тоқта(т)у/ кідір(т)у ♦He stopped short when he heard his name. – Оның атын естігенде ол кідіріп қалды. *stop short of smth/of doing smth бірнәрсе істей жаздау, бірнәрсе істеуге әзер/ әрең/ аз қалу ♦She stopped short of calling the president a liar. – Ол президентті суайт дей жаздады. ♦The protest stopped short of a violent confrontation. – Протест бұзақылыққа ұласа жаздай барып тоқтады. C.n (informal) 1. (BrE) бір рюмка (виски, тб) 2.қысқа фильм 3. (informal) тұйықталу [қ-з: short (D)] 4. (idm) *in short қысқасы, қысқа қайырғанда, бір сөзбен айтқанда *the long and (the) short of it [қ-з: long (А8)] D.v (informal) ∼ (smth) (out) тұйықталу (замыкание) (электр желісіндегі зақымнан не сымдардың қате жалғануынан электр тогының қате жолмен жүруі, сөйтіп сымның күюі)