shot [ʃɒt] A.n 1.ату, атыс ♦We heard some shots in the distance. – Қашықтан атылған мылтық үндерін естідік. ♦∼ at smb/smth Someone took a shot at the car. – Біреу машинаға атыпты. ♦The man fired several shots from his pistol. – Кісі тапаншадан/ пистолеттен бірнеше рет атты. 2. a good, bad, etc. ∼ жақсы/ нашар, тб ататын ♦She is a crack shot with a rifle. - Ол – сұр мерген. 3. (ойында) соғу, ұру, тастау, тебу ♦He took a shot from the edge of the box. – Ол айып сызығының шетінен соққы бағыттады. ♦A defender managed to block his shot. – Қорғаушы оның соққысын қайтара алды. ♦∼ at smth Unfortunately her shot at goal missed. – Өкінішке орай, оның қақпаға бағыттаған соққысы қисық кетті. ♦∼ on smth England had a few shots on goal. – Англия бірнеше рет қақпаға қарай соқты. ♦Good shot! – Жақсы соққы/ ұрыс/ тебіс! 4. (often the ∼) (ядро лақтыру спортындағы) ядро 5. фотография, фотосурет ♦We stood there patiently while he snapped a few shots. – Ол бірнеше рет суретке түсіргенше біз шыдап тұрдық. ♦I got some good shots of people at the party. – Сауық-кешке келгендерді суретке жақсы түсірдім. 6. камераға түсірген көрініс ♦the opening shot of a character walking across a desert – алғашқы көріністегі кейіпкердің шөлмен кетіп бара жатуы ♦The director is clearly fond of tracking and aerial shots. – Режиссер өкшелей жүріп және әуеден түсіргенді жақсы көреді. 7. (also lead ∼) қорғасын бытыра 8. (pl ∼) зеңбірек оғы (тас не темір доп) 9. (біреуге/ бірн-ге қарсы бағытталған) «түйреу», «қадау», «соққы», «оқ», әрекет, сөз, тб ♦This statement was the opening shot in the argument. – Бұл сөз пікірталастағы алғашқы түйреу еді. ♦The supermarket fired the first shot in a price war today. – Супермаркет бағалар соғысында бүгін алғашқы оқ(ты) атты. 10. ∼ (at smth/at doing smth) (informal) талпыну, талпыныс, тырысу ♦The team are looking good for a shot at the title. – Команда чемпион болуға лайықты сияқты. ♦I'm willing to give it a shot. – Талпынып көрмекпін. ♦Just give it your best shot and you'll be fine. – Әшейін талпынып көргін, шамаң келеді. 11. (informal, especially NAmE) мөлшер, доза (уколмен салынатын дәрінің) (syn: injection) ♦a flu shot – тұмауға қарсы укол ♦a shot of morphine – морфин екпесі 12. (informal) бір рюмка (арақ, тб) ♦a shot of whisky – бір рюмка виски 13.ғарыш кемесін/ космос кемесін ұшыру ♦The space shot was shown live on television. – Ғарышқа ұшыру тікелей эфирден көрсетілді. ♦a moon shot – айға ғарыш кемесін жіберу 14. (аттың, иттің, тб) жарысты ұту мүмкіндігі ♦The horse is a 10-1 shot. – Бұл аттың озу мүмкіндігі – 10-1 (он да бір). 15. (idm) *a big noise/shot/name маңызды адам, дөкей *call the shots/tune (informal) жағдайды тізгінде ұстаған/ бақылаған адам *like a shot (informal) оқтай, жалма-жан, лезде ♦If I had the chance to go there, I'd go like a shot. – Ол жаққа баруға мүмкіндігім болса, оқтай ұшар едім. *a long shot [қ-з: long (А8)] *not by a long shot (also not by a long chalk BrE) [қ-з: long (А8)] *parting shot [қ-з: parting (В2)] *a shot across the/smb’s bows ескерту, айылын жидыру *a shot in the arm «қолға салынған екпе (укол, дәрі)», дем беретін/ демейтін/ жігерлендіретін нәрсе ♦Their enthusiasm has been a shot in the arm for all of us. – Олардың құлшынысы бәрімізге дем берді. *a shot/stab in the dark [қ-з: dark (В3)] B.v pt, pp of shoot C.adj 1. ∼ (with smth) (мата, шаш, тб ж) құбылма түсті, аралас түсті/ реңді ♦shot silk – құбылма жібек ♦black hair shot with grey – қарасұр шаш ♦a cloudy sky shot with streaks of sunlight – ішінара сәуле тескілеген бұлтты аспан 2. (informal) (жағдайы, күйі) нашар; құрыған ♦The brakes on this car are shot. – Бұл машинаның тормоздары/ тежегіштері құрыған. ♦I'm shot - I'm too old for this job. – Баяғы бап жоқ – мына жұмысқа жас емеспін. ♦After the accident his nerves were shot to pieces. – Оқиғадан соң жүйкесі быт-шыт болды. 3. (idm) *be/get shot of smb/smth (BrE, informal) құтылу, босау ♦I'll be glad to get shot of this car. – Осы машинадан құтылсам, қуанар едім. *shot through with smth түрлі реңді/ сапалы/ қасиетті ♦a voice shot through with emotion – сезімге толы дауыс