should [ʃəd; strong form ʃʊd] modal verb 1.жөн, керек, дұрыс, абзал ♦You shouldn't drink and drive. – Ішіп алып (машина) айдауға болмайды. ♦He should have been more careful. – Оның байқаңқырауы керек еді. ♦A present for me? You shouldn't have! – Бұл маған сыйлық па? Әуре болыпсың ғой! ♦You should stop worrying about it. – Ол (мәселе) жөнінде алаңдамауың керек. ♦Should I call him and apologize? – Оған телефон шалып, ғафу өтінейін бе? ♦I should wait a little longer, if I were you. – Сенің орныңда болғанда, ұзағырақ күтер едім. ♦(ironic) ‘She doesn't think she'll get a job.’ ‘She should worry, with all her qualifications.’ – «Ол жұмыс таба алмаймын деп ойлайды». «Осыншама білімі болып тұрып несіне алаңдайды». 2.әдетте осылай болады/ болуы керек ♦We should arrive before dark. – Қараңғы түскенше келуіміз керек (яғни, бірдеңе болып қалмаса, қараңғы түскенше келеміз). ♦I should have finished the book by Friday. – Жұмаға қарай кітапті бітіріп қаламын/ бітіруім керек. ♦The roads should be less crowded today. – Бүгін жолда көлік аздау болуы керек. 3.(о)сылай болуы керек еді (бірақ болмады) ♦It should be snowing now, according to the weather forecast. – Ауа-райы болжамына сай енді қар жаууы керек еді. ♦The bus should have arrived ten minutes ago. – Автобус он минут бұрын келуі керек еді. 4.shall-дің өткен шағы ретінде қолд ¨He asked me what time he should come. – Ол қашан келейін деп сұрады. ♦(BrE, formal) I said (that) I should be glad to help. – Қуана көмектесемін дедім. 5. (BrE) that-тен кейін келіп кеңесті не ойластыруды білд ♦She recommended that I should take some time off. – Ол маған біраз уақыт демал деп кеңес берді. ♦In order that training should be effective it must be planned systematically. – Жаттығу/ Дайындық тиімді болуы үшін оны жүйелі жоспарлау керек. 6. I және we-мен келіп болжамды/ елестетуді білд ♦I should imagine it will take about three hours. – Шамамен үш сағат болатын шығар. ♦‘Is this enough food for everyone?’ ‘I should think so.’ – «Бұл тамақ бәріне жете(ді) ме?» «Солай шығар». 7.шүбәсіз келісімді/ құптауды білд ♦‘I know it's expensive but it will last for years.’ ‘I should hope so too!’ – «Бұның қымбат екенін білемін, бірақ бұл талай жылға жарайды». «Мен де дәл солай ойлаймын». ♦‘Nobody will oppose it.’ ‘I should think not!’ – «Ешкім қарсы болмайды». «Мен де дәл солай ойлаймын». 8. why, how, who, what ∼ smb/smth do неге өйтуім, тб керек ♦Why should I help him? He's never done anything for me. – Оған неге көмектесуім керек? Ол маған ештеңе істеген емес. ♦How should I know where you've left your bag? – Сумкаңды қайда қалдырғаныңды қайдан білейін? 9.таңғалар/ күлер, тб едің ♦You should have seen her face when she found out! – Оның (бұны) білгендегі түрін көрсең ғой! 10.that-тен кейін келіп сезімді білд ♦I'm anxious that we should allow plenty of time. – Осыншама уақыт кетіретінімізге уайымдаймын. ♦I find it astonishing that he should be so rude to you. – Оның саған ожарлығына таңғаламын. 11. (BrE, formal) I және we-мен келіп сыпайылықты, әдепті білд ♦I should like to call my lawyer. – Юристіме телефон шалғым келеді. ♦We should be grateful for your help. – Көмегіңізге дән ризамыз. 12. (BrE, formal) I не we-ден кейін would-тың орнына қолданылып, бірнәрсе болар еді/ етер едім/ едік дег мағ ♦If I were asked to work on Sundays, I should resign. – Маған жексенбі күндері жұмыс істе десе, жұмыстан кетер едім.13. (formal) бірдеңе болса былай болсын дег мағ ♦If you should change your mind, do let me know. – Ойыңды өзгертсең, маған айт. ♦In case you should need any help, here's my number. – Саған көмек керек бола қалса, міне телефон номерім. ♦Should anyone call, please tell them I'm busy. – Маған біреу телефон шалса, мені қолы бос емес дегін.