shoulder [ˈʃəʊldə(r)] A.n 1.иық, иін ♦your left/right shoulder – сол/ оң иығың ♦a tall man with broad shoulders – кең иықты бойшаң кісі ♦over smb's ∼ He slung the bag over his shoulder. – Ол сумканы иығынан асыра тастай салды. ♦He looked back over his shoulder. – Ол иығынан асыра артына қарады. ♦on smb's ∼ He carried the child on his shoulders. – Ол баланың иығына мінгізіп алып жүрді. ♦around smb's ∼ He put an arm around her shoulders and pulled her close. – Ол (жігіт) оны (қызды) иығын айналдыра құшақтап, өзіне жақын тартты. ♦She shrugged her shoulders. – Ол иығын қиқаң еткізді. ♦an off-the-shoulder dress – иығы ашық көйлек ♦a shoulder injury – иық жарақаты 2. -shouldered иығы пәлендей ♦broad-shouldered – иығы кең/ кең иықты 3.иықты жабатын киім ¨a jacket with padded shoulders – иығы жұмсақ жакет ♦There was snow on the shoulders of his heavy black coat. – Ауыр қара үст киімінің иығында қар болды. 4. ∼ (of smth) малдың иық/ қол еті 5. ∼ (of smth) иық(қа ұқсаған нәрсе), иін ♦The village lay just around the shoulder of the hill. – Ауыл шоқының иығында (жоғары жағында) орналасқан. 6. (NAmE) = hard shoulder ♦No shoulder for next 5 miles. – Алдағы 5 мильде жолжаға жоқ. 7. (idm) *be/stand head and shoulders above smb/smth [қ-з: head (А21)] *be looking over your shoulder біреуден секемдене/ күдіктене қобалжу *give smb the cold shoulder (informal) біреуге салқын қарау, біреуге сыздану/ ыздию *have a chip on your shoulder (about smth) [қ-з: chip (А8)] *have a good head on your shoulders [қ-з: head (А21)] *(have) an old head on young shoulders «жас иықта кәрі бас болу», ақылды жас адам *on smb’s shoulders біреуге жауапкершілік, тб арту/ жүктеу ♦Stop trying to put the blame on somebody else’s shoulders. – Кінәні біреуге артуға тырыспа. *put your shoulder to the wheel аянбай жұмыс істей бастау ♦Everyone is going to have to put their shoulder to the wheel. – Кім болсын бел шеше кіріспекші. *rub shoulders with smb (NAmE also rub elbows with smb) [қ-з: rub (А5)] *a shoulder to cry on түсінетін/ ұғатын/ жақын тартатын адам ♦Ben is always there when I need a shoulder to cry on. – Қиналғанымды ұғатын әйтеуір Бен бар. *shoulder to shoulder (with smb) a) иін/ иық тіресе ♦The large crowd stood shoulder to shoulder in the stands. – Қалың жұрт трибуналарда иін тіресе тұрды. b) ниеттес, пікірлес (топ) *straight from the shoulder тура/ төте(сінен)/ ашық/ бүкпесіз (айту) B.v 1. ∼ smth жауапкершілікті мойнына алу/ өзіне жүктеу ♦to shoulder the responsibility/blame for something – бірнәрсе үшін жауапкершілікті/ кінәні өзіне арту ♦women who shoulder the double burden of childcare and full-time work – бала да күтіп, толық күн жұмыс істейтін де әйелдер 2.иықтау, иықпен итере алға жалжу ♦∼ your way He shouldered his way through the crowd and went after her. – Ол жұртты иығымен итере-митере оны өкшеледі. 3. ∼ smb/smth біреуді жолдан иығымен итеру/ ысыру ♦He shouldered the man aside. – Ол әлгі еркекті иығымен шетке ысырды. 4. ∼ smth иығына арту/ асу ♦She shouldered her bag and set off home. – Ол сумканы иығына асты да үйіне кетті. ♦to shoulder arms – қару асыну