shout [ʃaʊt] A.v 1.айқайлау, қатты дауыспен айту, бақыру, өкіру, бажылдау ♦Stop shouting and listen! – Айқайламай, тыңдашы! ♦∼ for smth I shouted for help but nobody came. – Көмек сұрап айқайлағаныммен, ешкім келмеді. ♦∼ at smb/smth Then he started shouting and swearing at her. – Ол оған айқайлап, балағаттай бастады. ♦We cannot learn until we stop shouting at each other. – Бір-бірімізге айқайымызды тоқтатпасақ, ешнәрсе үйренбейміз. ♦∼ at smb to do smth She shouted at him to shut the gate. – Ол оған қақпаны жап деп айқайлады. ♦She could hear him shouting and screaming in the next room. – Келесі бөлмеде оның бақырып, шыңғырып жатқанын естіді. ♦I wanted to shout for joy. – Шаттықтан айқайлағым келді. ♦∼ (out) (in/with smth) She shouted out in pain when she tried to move her leg. – Қозғайын дегенде аяғы шаншып кетіп, ол бақырды/ өкірді. 2. (idm) *shout, etc. smth from the rooftops [қ-з: rooftop (2)] 3. (phr v) *shout smb down айқайлап біреудің сөзін/ даусын естіртпеу ♦The speaker was shouted down by a group of protesters. – Сөйлеушіні наразы топ естіртпеді. *shout smth out айқайлап айту, дауыстай айту ♦Don't shout out all the answers. – Барлық жауапты айқайлай айтпа. ♦The crowd just shouted out her name. – Топ оның атын айтып айқайлады. ♦‘I'm over here!’ I shouted out. – «Мұндамын!» деп айқайладым. B.n 1. айқай(лау), бақыру, бажыл ♦angry shouts – ашулы айқайлар ♦I heard her warning shout too late. – Оның ескерте айқайлағанын тым кеш естідім. ♦∼ from smb/smth He ignored the loud shouts from the crowd outside. – Ол тыстағы жұрттың қатты айқайларын елемеді. ♦A shout from downstairs broke the silence. – Төменнен естілген айқай тыныштықты бұзды. 2. (BrE, informal) пабта, тб біреудің басқалар үшін ішімдік сатып алатын кезегі ♦What are you drinking? It's my shout. – Не ішіп жатырсың(дар)? Ішімдік алып беретін кезек менікі. 3. (idm) *be in with a shout (of smth/of doing smth) (informal) ұтатын не жеңетін жақсы мүмкіндігі болу *give smb a shout (informal) айту, деу ♦Give me a shout when you're ready. – Дайын болғаныңда маған айт. ♦Give me a shout if you'd like to come with us. – Бізбен барғың келсе, маған айт.