show [ʃəʊ] A.v (pt showed [ʃəʊd], pp shown [ʃəʊn], showed) 1.көрсету ♦∼ (that)…The figures clearly show that her claims are false. – Сандар (цифрлар) оның сөздерінің жалған екенін көрсетеді. ♦The government's popularity is declining, as the polls show. – Сауалнама көрсеткендей, үкімет беделі түсуде. ♦∼ how, what, etc… This shows how people are influenced by TV advertisements. – Бұл тележарнаманың жұртқа қалай әсер ететінін көрсетеді. ♦∼ smb how, what, etc… History has shown us how dangerous nationalism can be. – Тарих ұлтшылдықтың қаншалықты қауіпті болатынын көрсетеді. ♦∼ smth You have to show your ticket as you go in. – Кірер кезде билетіңізді көрсетіңіз. ♦∼ smth to smb If there's a letter from France please show it to me. – Франциядан хат болса, маған көрсет(іңіз)ші. ♦∼ smth to smb She showed the technique to her students. – Әдісті ол оқушыларына көрсетті. ♦∼ smb how, what, etc… Can you show me how to do it? – Қалай істейтінін көрсет(іңіз)ші. ♦∼ how, what, etc… The diagram shows how to assemble the shelves. – Диаграмма сөрелерді қалай құрастыратынын көрсетеді. ♦∼ smb smth He showed me our location on the map. – Ол картадан қай жерде екенімізді көрсетті. ♦∼ smb which, what, etc… Show me which picture you drew. – Қай суретті салғаның(ыз)ды көрсет(іңіз)ші. ♦∼ smb The attendant showed us to our seats. – Қызметкер орындарымызды көрсетті. ♦The candidates were shown in. – Кандидаттарды көрсетті. ♦∼ smb smth I'll go first and show you the way. – Алда жүріп саған/ сізге жол көрсетемін. 2.көрсету, таныту, білдіру ♦∼ smth to show great courage – ержүректік таныту/ көрсету ♦He has shown his commitment to his art. – Ол өз өнеріне берілгендігін көрсетті. ♦∼ smb smth She wants to show the world her ability. – Ол әлемге өз қабілетін танытпақшы. ♦∼ yourself She had shown herself unable to deal with money. – Ол ақшаға ұқыпсыз екенін көрсетті. ♦∼ yourself You have shown yourself a master tactician. – Әккі айлакер екеніңді таныттың. ♦∼ that… He has shown that he is ready to make compromises. – Ол өзінің мәмілеге келуге әзір екенін білдірді. 3. (құрмет, тб) көрсету, (қолдау, тб) білдіру ♦∼ smth I wanted to be there to show support. – Сонда болып қолдау білдіргім келді. ♦∼ smth for/to smb They showed no respect for their parents. – Өз ата-аналарына құрмет көрсетпеді. ♦They have shown us nothing but kindness. – Олар бізге тек сыпайы болды. 4.көріну, көрсету, байқалу ♦Fear showed in his eyes. – Көзінен үрей байқалды. ♦She tried not to let her disappointment show. – Ренішін білдіртпеуге тырысты. ♦They loved working together, and it shows. – Олар бірге істегенді ұнататын, бұны олардың жұмысынан байқауға болады. ♦∼ smth She showed no interest in my work. – Ол жұмысыма қызықпады. ♦Her expression showed her disappointment. – Кейпінен реніші байқалды. ♦The market shows no sign of slowing down. – Базардың/ Рыноктың бәсеңдер ниеті байқалмайды. ♦The new strategy shows promise. – Жаңа стратегия өнімді болатындай. 5.көріну, байқалу ♦Nothing showed on the X-ray. – Рентгеннен ештеңе байқалмады. ♦∼ smth Their new white carpet showed every mark. – Олардың жаңа ақ төсеніші - кір шалғыш. ♦∼ He grinned, and his teeth showed white in the darkness. – Ыржиғанда ақ тістері қараңғыда ақсия көрінді. 6.көрсету, білдіру, аңғарту, ұқтыру ♦∼ smth The map shows the principal towns and rivers. – Карта негізгі кенттер мен өзендерді көрсетеді. ♦The clock showed midnight. – Сағат түн ортасы болғанын көрсетті. ♦The end-of-year accounts show a loss. – Жыл соңындағы есептер шығынды көрсетеді. 7. (киноны, тб) көрсету ♦The movie is now showing at all major movie theaters. – Бұл киноны барлық ірі кинотеатрларда қоюда. ♦∼ smth The documentary will be shown on Sunday night. – Деректі фильмді сенбі кешке көрсетеді. ♦She plans to show her paintings early next year. – Келесі жылдың басында ол өз картиналарының көрмесін ұйымдастырмақшы. 8. (informal) көрсету, дәлелдеу, таныту ♦∼ smb (smth) They think I can't do it, but I'll show them! – Олар мен бұны істей алмайды деп ойлайды, бірақ оларға әлі дәлелдеймін/ көрсетемін! ♦∼ yourself to be/have smth He has shown himself to be a caring father. – Ол өзінің қамқор әке екенін көрсетті. ♦∼ what, how, etc…. I'm giving him a chance to show what he can do. – Оған өзін көрсетсін деп мүмкіндік беріп отырмын. 9. (especially NAmE, informal) келу ♦I waited an hour but he didn't show. – Бір сағат күттім, бірақ ол келмеді.10. ∼ smth (итті, тб) жарысқа қосу/ салу ♦Do you plan to show your dogs? – Иттеріңді жарысқа қосасың ба? 11. (idm) *fly/show/wave the flag [қ-з: flag (А6)] *go through your paces | show your paces [қ-з: pace 1(А3)] *it goes to show бірн-е бірн-ні дәлелдейді/ көрсетеді ♦It just goes to show what you can do when you really try. – Бұл әшейін талпынғанда неге шамаң келетінін көрсетеді. *show smb the door «есік көрсету», біреуден кетуін өтіну *show your face жұртқа көріну, көпке көріну ♦She stayed at home, afraid to show her face. – Ол жұртқа көрінуге қорқып үй(ін)де отырды. *show your hand/cards (NAmE also tip your hand) ниетін/ жоспарын білдіру *show smb/know/learn the ropes [қ-з: rope (А4)] *show the way жол көрсету, жөн сілтеу *show smb who’s boss кімнің бастық/ мықты екенін көрсету *show willing (BrE) бірн-е істеуге әзір екенін білдіру *(have) smth, nothing, etc. to show for smth көрсететін бірн-сі/ нәтижесі болу/ болмау ♦All those years of hard work, and nothing to show for it! – Талай жылғы аянбаған еңбек, бірақ көрсетер ештеңе жоқ! 12. (phr v) *show smb around/round (smth) біреуге төңіректі, тб көрсету ♦We were shown around the school by one of the students. – Оқушылардың бір(еу)і бізге мектепті аралап көрсетті. ♦Has anyone shown you around yet? – Саған/ Сізге төңіректі көрсетті ме? *show off (informal, disapproving) жақсы көрінуге тырысу, жақсы аттануға тырысу; мақтану ♦He's just showing off because that girl he likes is here. – Өзін жақсы көрсетуге тырысуда, себебі өзі ұнататын қыз осында. *show smb/smth off көрсету, мақтану ♦She wanted to show off her new husband at the party. – Ол сауық-кеште жаңа күйеуін көрсеткісі келді. ♦∼ off how, what, etc… He likes to show off how well he speaks French. – Ол французшасымен мақтанғанды жақсы көреді. *show smth off (киім ж) әдемі етіп көрсететін ♦a dress that shows off her figure – оның денесін/ фигурасын жақсы көрсететін көйлек *show through | show through smth бірнәрсе арқылы көрінетін ♦The writing on the other side of the page shows through. – Парақтың арғы бетіндегі жазу көрінеді. ♦(figurative) When he spoke, his bitterness showed through. – Сөйлегенде кіжінісі байқалып тұрды. ♦Veins showed through her pale skin. – Боз терісінен тамыры көрініп тұрды. *show up (informal) келу, келіп жету ♦It was getting late when she finally showed up. – Қараңғы түсе бастаған, ол әйтеуір жетті. *show up | show smth up көрсету, байқату ♦a broken bone showed up on the X-ray – рентгенде байқалған сынған сүйек ♦The harsh light showed up the lines on her face. – Ащы жарық оның бет сызықтарын көрсетті. *show smb up a) (BrE, informal) біреудің қылығына ұялу; ұялту ♦He showed me up by snoring during the concert. – Концертте қорылдап мен ұялтты. ♦She says I showed her up in front of her friends when they came to the house. – Ол мені достары үйге келгенде ұялттың дейді. b) шеберлігі, тб артық болып біреуді ұялту ♦Don’t worry about being shown up by the kids - they’ve always used computers. – Сәбилерге бола қысылма – олар қашан да компьютерге шебер. B.n 1.шоу, тамаша, концерт ♦Millions of people watch the show. – Бұл шоуды миллиондаған адам көреді. ♦She hosts the morning show. – Ол таңғы шоуды жүргізеді. ♦a TV/television/radio show – телешоу/ радиошоу ♦a quiz show – сұрақ-жауап шоуы ♦a reality show – реалити-шоу ♦to go to/see a show – тамашаға/ театрға бару/ көру ♦to put on/stage a show – тамаша қою ♦The book has been turned into a stage show. – Кітаптан мюзикл қойды. 2.шоу, көрме ♦a dog/car/gun show – ит/ машина/ қару көрмесі ♦on ∼ The paintings are on show until April. – Картиналар сәуірге дейін көрмеде болады. 3.көрсету, көрініс, білдіру (syn: display) ♦a show of emotion/support – көңіл-күйін/ қолдау білдіру ♦a show of force/strength by the army – армияның өз қуатын көрсетуі 4.жасанды елжіреу/ елбіреу/ жылбырау, қылмыңдау ♦He may seem charming, but it's all show! – Ол тартымды көрінгенімен әшейін қылмыңы ғой. ♦He made a great show of affection, but I knew he didn't mean it. – Оның бер жағынан елжірегенін ұқтым. 5.әсем көрініс; жайлы көрініс (syn: display) ♦a lovely show of spring flowers – көктемгі гүлдердің керемет көрінісі 6. (especially BrE, informal) орындау, істеу, ойнау, тб ♦The team put on a good show in the competition. – Команда жақсы сайысты. ♦It's a poor show if he forgets your birthday. – Ол туған күніңді ұмытып кетсе, дұрыс болмапты. 7. (idm) *a dog and pony show [қ-з: dog (А7)] *for show көрсету үшін ♦These items are just for show - they're not for sale. – Бұл заттарды сатуға емес, көрсету үшін қойған. *get the show on the road (informal) бір істі не сапарды бастау ♦Let's get this show on the road! – Ал, кіріселік! *(jolly) good show! (BrE, old-fashioned, informal) жақсы, дұрыс, жарайды *a show of hands қол көтере жақтап я қарсы дауыс беру ♦The vote was passed by a show of hands. – Жұрт қол көтеріп дауыс берді. ♦Let’s have a show of hands. Who’s in favour of the proposal? – Ал, дауысқа салалық. Ұсынысқа кім жақ? *steal the show басқаларға қарағанда жұртқа жақсы көріну, жұртты өзіне қарату, топ жару, озу ♦As always, the children stole the show. – Балалар бұрынғыша жұртты өзіне қаратты. ♦Elwood stole the show with a marvellous performance. – Элууд керемет өнер көрсетіп, топ жарды.