shred [ʃred] A.v ∼ smth қиқымдау, ұсақтап турау/ кесу; қиқалау ♦Serve the fish on a bed of shredded lettuce. – Балықты ұсақ тураған салат-латукке қой. ♦He was accused of shredding documents relating to the case. – Оны іске қатысты қағаздарды қиқымдап/ турап тастаған деп айыптады. ♦Shred the lettuce leaves finely. – Салат-латуктің жапырағын ұсақтап тура. B.n 1.қиқым, жырым, ұсақтап тураған не жыртқан нәрсе (syn: scrap) ♦shreds of paper – қағаз қиқымдары ♦His jacket had been torn to shreds by the barbed wire. – Тікен сымтемір жакетін жырым-жырым етті. ♦Cut the orange peel into thin shreds. – Апельсин тілігін майдала. ♦(ауысп мағ) There is not a shred of evidence to support his claim. – Оның сөзін растайтын титтей де айғақ жоқ. ♦(ауысп мағ) Couldn’t he leave her some shred of dignity? – Ол оны аздап болса да сыйламады ма екен? 2. (idm) *in shreds a) қатты бұзылған, ауыр зақымданған (syn: in tatters) ♦The country's economy is in shreds. – Ел экономикасы – жырым-жырым. ♦(figurative) Her nerves were in shreds. – Оның жүйкесі жырым-жырым еді. b) қиқым-қиқым, жыртып тастаған ♦The document was in shreds on the floor. – Қүжат еденде қиқымданып жатты. *pick/pull/tear smb/smth to pieces/shreds [қ-з: pick (A5)]