shroud [ʃraʊd] A.n 1.кебін (мәйітті/ өлі денені орайтын мата) ♦a burial shroud - кебін 2. ∼ of smth (literary) жамылғы, «перде», «тұмша» ♦The organization is cloaked in a shroud of secrecy. – Құпиялық тұмшалаған ұйым. ♦a shroud of smoke – қалың түтін ♦a shroud of darkness/mist – қараңғылық қойнауы/ жамылғы тұман B.v ∼ smth in smth (қараңғылық, бұлт, тб) тұмшалау, жабу, басу ♦The city was shrouded in mist. – Қаланы тұман тұмшалады. ♦furniture shrouded in dust sheets – шаң жұқпасын деп ораған мебель ♦(ауысп мағ) His family background is shrouded in mystery. – Оның шыққан тегі жайлы айтылмайды.