shrug [ʃrʌɡ] A.v 1.иығын қиқаң еткізу ♦Sam shrugged and said nothing. – Сәм иығын қиқаң еткізіп, үндемеді. ♦‘I don't know,’ Anna replied, shrugging her shoulders. – «Білмеймін», деді Анна иығын қиқаңдата. 2. (phr v) *shrug smth off/aside елемеу, онша мән бермеу (syn: dismiss) ♦Shrugging off her injury, she played on. – Жарақатын елемей, ол ойнай берді. ♦He shrugged aside suggestions that he resign. – Ол қызметтен кету туралы ұсыныстарды елемей тастады. *shrug smb/smth off/away иығымен итеріп тастау/ жіберу ♦Kevin shrugged off his jacket. – Кевин жакетін иығымен сілкіп тастады. ♦She shrugged him away angrily. – Ол ашулана оны иығымен итеріп жіберді. B.n 1. иығын қиқаң еткізу ♦Andy gave a shrug. ‘It doesn't matter.’ – Әнди иығын қиқаң еткізді. «Жә, ештеңе етпейді». 2.әйелдердің өте қысқа, жүннен тоқылған жакеті