shut [ʃʌt] A.v (pt, pp shut [ʃʌt]) 1.жаб(ыл)у; (көзін) жұму ♦The window won't shut. – Терезе жабылмайды. ♦The doors open and shut automatically. – Есіктер өзі (яғни, автоматты) ашылып-жабылады. ♦The door shuts and locks behind her. – Оның артынан есік жабылып, құлпыланады. ♦She shut her eyes and fell asleep immediately. – Ол көзін жұмып, бірден ұйқыға кетті. ♦He shut his book and looked up. – Ол кітабын жауып, жоғары қарады. ♦The bank shuts at 4. – Банк сағат 4-те жабылады. ♦What time do the shops shut on Saturday? – Сенбіде дүкендер нешеде жабылады? ♦The factory is going to shut next year. – Завод келесі жылы жабылмақшы. 2. (idm) *close/shut the door on smth [қ-з: door (4)] *keep your mouth shut [қ-з: mouth (А8)] *shut/slam the door in smb’s face [қ-з: door (4)] *shut/close your ears to smth [қ-з: ear (5)] *shut/close your eyes to smth [қ-з: eye (А7)] *shut your mouth/face! [қ-з: mouth (А8)] *shut up shop [қ-з: shop (А6)] *with your eyes shut/closed [қ-з: eye (А7)] 3. (phr v) *shut smb/smth away жасыру, тығу *shut down (заводты, дүкенді, тб) жабу ♦The theatre shut down after more than half a century. – Театр жарты ғасырдан аса жұмыс істеп, жабылды. *shut smth down (заводты, дүкенді, тб) жабу; (жабдықты, тб) тоқтату ♦The computer system will be shut down over the weekend. – Апта соңында компьютер жүйесі сөнеді/ өшеді. *shut smb/yourself in (smth) қамау, қамап тастау, сыртынан жауып тастау; есікті ішінен жауып/ бекітіп алу, өзін(-өзі) қамау ♦She shut the dog in the shed while she prepared the barbecue. – Шашлық пісіргенде итті қораға қамап тастады. *shut smth in smth саусағын бірнәрсеге қысып алу ♦Sam shut his finger in the car door. – Сәм саусағын машина есігіне қысып алды. *shut off (жабдық, аппарат, тб ж) тоқтау, тоқтап қалу, істемей қалу ♦The engines shut off automatically in an emergency. – Тосын жағдайда моторлар өзі өшеді. *shut smth off a) жабдықты, тб тоқтату ♦I wish someone would shut off that car alarm. – Машинаның дабылын біреу өшірсе екен. b) газ, су, тб жеткізуді тоқтату ♦A valve immediately shuts off the gas when the lid is closed. – Қақпақ жабылғанда клапан газды бірден үзеді. *shut smb/smth off from smth бөлу, ажырату ♦Bosnia is shut off from the Adriatic by the mountains. – Боснияны Адриатика теңізінен таулар бөліп тұр. *shut smb/smth out (of smth) a) кіргізбеу, бөгеу ♦Mum, Ben keeps shutting me out of the bedroom! – Мам, Бен мені ұйқы бөлмесіне кіргізбей жатыр! ♦sunglasses that shut out 99 per cent of the sun’s harmful rays – күннің зиян сәулелерін 99 процент бөгейтін көзәйнек b) араласпау, үзу, бөгеу, тежеу ♦I wanted to shut John out of my life for ever. – Джонды өмірімнен біржола(та) алыстатқым келді. ♦She learned to shut out her angry feelings. – Ол ашуын тежеуді үйренді. ♦If you shut me out, how can I help you? – Маған ләм демесең, саған қалай көмектеспекшімін? *shut up (informal) аузын жабу, үндемеу ♦Just shut up and listen! – Аузыңды жауып, тыңда! ♦Will you tell Mike to shut up? – Майкке айтшы, аузын жапсын. ♦When they'd finally shut up, I started again. – Олар ақыры аузын жапқанда мен тағы бастадым. *shut smb up аузын жаптыру, сөйлеттірмеу (syn: silence) ♦She kicked Anne under the table to shut her up. – Ол Аннаны столдың астына теуіп кіргізіп, аузын жаптырды. *shut smth up үйді, тб жабу ♦The summer house was shut up for another year and we went back to the city. – Жазғы үйді тағы бір жылға жаптық та қалаға оралдық. *shut smb/smth up (in smth) қамау, сыртынан жабу ♦They shut him up in jail. – Олар оны түрмеге тықты/ камады. ♦The children were shut up in their rooms. – Балаларды бөлмелеріне қамап тастады. *shut yourself away өзі оңаша қалу, жеке жалғыз өзі қалу, қамалу ♦Mary always shuts herself away in her room while she’s working. – Мәри жұмыс істегенде бөлмесін жауып алады. *shut yourself off (from smth) өзі оңаша қалу, өзін оқшаулау, жұртқа жоламау, қамалу, жеке жалғыз өзі қалу ♦Martin shut himself off from the world to write his book. – Кітабын жазу үшін Мартин өзін оқшаулады. B.adj 1.жабық, (көзі) жұмулы (syn: closed) ♦The door was shut. – Есік жабық еді. ♦She slammed the door shut. – Ол есікті тарс еткізіп жапты. ♦Keep your eyes shut. – Көзіңді ашпа. ♦His eyes remained tightly shut. – Көзі қатты жұмулы болды. ♦I hope you can keep your mouth shut about what you saw. – Көргенің жайлы жағыңды ешкімге ашпассың деп ойлаймын. 2. (BrE) жабық, істемейтін (syn: closed) ♦Unfortunately the bank is shut now. – Өкінішке орай банк енді жабық. ♦The first four hotels we tried were shut for the winter. – Біз алғаш көрген төрт қонақ үй қысқа жабылыпты.