shy [ʃaɪ] A.adj (shyer, shyest) 1.ұялшақ, бұйығы, именшек, ұяң ♦He is not exactly the shy and retiring type. – Ол пәлендей бір ұяң, тұйық емес. ♦Don't be shy - come and say hello. – Қысылма – келіп амандас. ♦She was too shy to ask anyone for help. – Ол біреуден көмек сұрауға күмілжитін. ♦As a teenager I was painfully shy. – Жеткіншек кезімде соншама ұялшақ едім. ♦∼ around/with smb She's very shy with adults. – Ол үлкендердің бетіне тура қарай алмайды. ♦a quiet, shy man – жуас, ұяң адам (syn: timid) 2.ұялған, қысылған, күмілжіген, абдыраған, именген, тартынған ♦a shy smile – күмілжи жымию ♦a shy grin/glance – ұяла ыржию/ қарау ♦his shy demeanour/temperament – оның ұяңдығы ♦∼ of/about smth The band has never been shy of publicity. – Муз-қ топ жұрт назарынан қашқан емес. ♦∼ of/about doing smth He disliked her and had never been shy about saying so. – Ол оны жақсы көрмейтін және онысын бүкпесіз айтатын. 3. (аңдар ж) үркек, үркігіш ♦The panda is a shy creature. – Панда – үркек мақұлық. 4. ∼ (of smth) (especially NAmE, informal) (саны) жетіңкіремеген, жетпеген, кем, аз ♦We are still two players shy (of a full team). – Командамызға әлі екі ойыншы жетпейді. ♦The bill was just shy of $1 million. – Счет $1 млн-ға сәл жетпеді. 5. -shy жалтаратын, жоламайтын, қашқақтайтын ♦camera-shy – фотокамерадан қашатын ♦He's always been work-shy. – Ол жұмыстан тайқитын да жүретін. 6. (idm) *fight shy of smth/of doing smth [қ-з: fight (А7)] *once bitten, twice shy [қ-з: once (А4)] B.v 1. ∼ (at smth) (жылқы ж) үрку ♦My horse shied at the unfamiliar noise. – Бөтен дыбыс естіп атым үрікті. ♦Her horse shied violently at a gorse bush. – Сары гүлді бұтада аты қатты үрікті. 2. (phr v) *shy away (from smth) жалтару, тартыну, имену ♦Hugh never shied away from his responsibilities. – Хью ешқашан өз міндеттерінен қашқан емес. ♦∼ away from doing smth The newspapers have shied away from investigating the story. – Газеттер мәселені зерттеуден тартынды.