sick [sɪk] A.adj 1.ауру, науқас ♦a sick child – ауру бала ♦a sick relative – ауру туысқан ♦a sick patient – ауру/ науқас/ ауру пациент ♦Peter has been off sick for two weeks. – Питер екі апта ауырды. ♦Emma has just called in sick. – Эмма ауырып қалғанын хабарлап айтты. ♦(BrE) Britain's workers went sick for a record number of days last year. – Өткен жылы Британия жұмысшылары бұрын-соңды болмаған мөлшерде ауырып жұмыстан қалды. ♦(NAmE) I can't afford to get sick. – Науқастануыма болмайды. ♦They became sick after eating contaminated food. – Олар бұзылған тамақ жеп ауырған. ♦I have been sick in bed since you left. – Сен кеткелі бері төсек тартып жатырмын. ♦She was sick with the flu. – Ол тұмауратып ауырды. 2.жүрегі айну, құсқысы келу, лоқсу ♦Mum, I feel sick! – Мам, жүрегім айнып тұр! ♦If you eat any more cake you'll make yourself sick. – Тортты тағы жесең, жүрегің айнитын болады. ♦a sick feeling in your stomach – асқазанның біртүрлі болуы 3. -sick көлікпен сапар шегіп бейжай болған/ ауырған/ науқастанған ♦seasick – теңіздегі сапардан ауырған ♦airsick – ұзақ ұшып бейжай болған ♦carsick – машинамен жүріп бейжай болған ♦travel-sick – сапардан қажыған 4. (informal) жалыққан, зеріккен, іші пысқан ♦∼ of smb/smth I'm sick of the way you've treated me. – Маған деген қарасыңнан жалықтым. ♦I'm sick and tired of your moaning. – Ыңылыңнан шаршап, жалықтым. ♦I'm sick to death of all of you! – Бәріңнен өлердей жалықтым! ♦∼ of doing smth We're sick of waiting around like this. – Осылай күтіп зеріктік. ♦I am sick of hearing about them and their wedding. – Олар жайлы, олардың үйленетіні жайлы естуден жалықтым. 5. (informal) (әсіресе әзіл ж) ауру/ ауыртпалық/ өлім туралы, тұрпайы ♦a sick joke – тұрпайы қалжың ♦That's really sick. – Неткен тұрпайы. 6. (informal) кәззап, мүттайым, сұрқия ♦a sick mind – кәззап пиғыл ♦People think I'm sick for having a rat as a pet. – Көртышқан асырайтыным үшін жұрт маған біртүрлі қарайды. ♦We live in a sick society. – Бұзық қоғамда өмір сүреміз. 7. (slang) өте жақсы, өте қызықты ♦I love that song - it’s sick! – Сол әнді жақсы көремін – керемет! 8. (idm) *be sick (especially BrE) құсу (syn: vomit) ♦I was sick three times in the night. – Түнде үш рет құстым. ♦She had been violently sick. – Ол қатты құсып ауырды. *be worried sick; be sick with worry қатты қобалжу/ уайымдау ♦Where have you been? I've been worried sick about you. – Қайда жүрсің? Сені сұмдық уайымдадым ғой. ♦She was worrying herself sick about the exams. – Ол емтиханды ойлап қатты қобалжыды. *fall sick (also old-fashioned take sick) (formal) ауырып қалу, науқастанып қалу ♦A week later he fell sick and died. – Бір аптадан соң ол ауырып қайтыс болды. ♦He fell sick with yellow fever. – Ол сары безгекпен ауырып қалды. *make smb sick ызаландыру; шошыту ♦His hypocrisy makes me sick. – Оның екіжүзділігіне зығырданым қайнайды. ♦Her attitude makes me sick. – Оның пиғылынан шошимын. *(as) sick as a dog (informal) қатты ауырған; көп құсқан *(as) sick as a parrot (BrE, humorous) қатты ренжіген/ кейіген *sick at heart(formal) өте көңілсіз; қатты ренжіген/ кейіген *sick to your stomach a) қатты ашуланған; қатты уайымдағын/ қобалжыған ♦Nora turned sick to her stomach on hearing this news. – Хабарды естіп Нора есеңгіреп қалды. ♦It makes me sick to my stomach to hear such stupid attitudes. – Бұндай топастықтарды естісем, зығырданым қайнайды. b) құсқысы келу, лоқсу, жүрегі айну B.n 1. (BrE, informal) құсық (syn: vomit) ♦There was a pool of sick on the carpet. – Кілемге құсып тастапты. 2. the ∼ ауырған адамдар, аурулар, науқастар ♦to heal the sick – ауруларды емдеу ♦All the sick and wounded were evacuated. – Аурулар мен жаралылардың бәрін эвакуациялады. ♦workers who are caring for the sick and elderly – аурулар мен қарттарға қарайтын жұмысшылар C.v (phr v) *sick smth up (BrE, informal) құсу (syn: vomit) ♦She’d sicked up her milk. – Ол ішкен сүтін құсып тастады.