side [saɪd] A.n 1.жақ, тарап, шет, қаптал ♦the right side of the brain – мидың оң жағы ♦satellite links to the other side of the world – әлемнің арғы жағымен спутник арқылы байланыс ♦on the… ∼ (of smth) They drive on the left-hand side of the road in Japan. – Жапонияда көлікті сол қол жақпен айдайды. ♦She was on the far side of the room. – Ол бөлменің әр жағында еді. ♦They crossed from one side of London to the other. – Олар Лондонның бір жағынан/ шетінен екінші жағына/ шетіне кесіп өтті. ♦a factory on the west side of town – кенттің батыс жағындағы/ шетіндегі завод ♦He crossed the bridge to the other side of the river. – Ол көпірмен өзеннің арғы жағына/ шетіне өтті. ♦The opposite side of the street was still in shadow. – Көшенің қарсы жағы әлі көлеңке еді. ♦on a/the ∼ (of smth) There is a large window on either side of the front door. – Кірер есіктің екі жағында/ шетінде екі үлкен терезе болды. ♦people on both sides of the Atlantic – Атлантиканың екі жағындағы/ шетіндегі адамдар ♦a town on this side of the border – шекараның осы жағындағы кент ♦She saw James standing on the other side of the fence. – Ол қоршаудың әр жағында тұрған Джеймсті көрді. ♦She tilted her head to one side. – Ол басын бір жаққа қарай иді. 2.жақ, жан, бүйір, шет, қыр, қаптал; баурай, қабырға ♦A notice was stuck to the side of the filing cabinet. – Папкаларға арналған шкафтың бүйіріне жазылған қағаз (записка) жапсырылыпты. ♦on the ∼ (of smth) Write your name on the side of the box. – Қораптың бір бүйіріне атың(ыз)ды жаз(ыңыз). ♦There's a scratch on the side of my car. – Машинамның жаны/ бүйірі/ қапталы тырналған. ♦a side door/window – бүйір/ қаптал есік/ терезе ♦a side wall/entrance – бүйірдегі/ қапталдағы қабырға/ кірер тұс ♦A path went up the side of the hill. – Соқпақ жол төбенің бір баурайымен/ шетімен/ қапталымен кетеді екен. ♦We could see sheep grazing on the side of the mountain. – Таудың қапталында/ бүйірінде жайылып жүрген қойларды көрдік 3.жиек, шет, қыр, жақ, бүйір, қаптал ♦The stream flows into the south side of the lake. – Көлдің оң шетінде бұлақ бар. ♦A path leads down one side of the garden. – Осы соқпақ төмен, бақтың бір шетіне апарады. ♦We planted tulips along the side of the lawn. – Көгалдың жиегін бойлай қызғалдақ отырғыздық. ♦on the ∼ of smth She sat on the side of the bed. – Ол төсектің бір шетіне отырды. 4. бүйір, жан, жақ, қабырға (дененің) ♦I've got a stitch in my side. – Бір бүйірім шаншып кетті. ♦She has a pain down her right side. – Оның оң жағында/ оң жақ бүйірінде шаншу бар еді. ♦on your ∼ He was lying on his side. – Ол бір бүйірімен/ жанымен жатыр еді/ Ол жантайып жатыр еді. 5. (астыңғы я үстіңгі) жақ, бет ♦The upper side of the leaf was a much darker green. – Жапырақтың үстіңгі жағы едәуір қоюжасыл еді. ♦The reverse side of the coin has a picture of a flower. – Тиынның/ Монетаның кері жағында гүл(дің) суреті бар. ♦on a/the ∼ (of smth) Write on one side of the paper only. – Қағаздың бір жағына ғана жаз(ыңыз). ♦Fry the steaks for two minutes on each side. – Стейктің әр бетін/ жағын екі минуттан қуыр. 6.бет (яғни, бір парақтың екі беті) ♦He told us not to write more than three sides. – Ол бізге үш беттен аса жазбаңдар деді. 7.бүйір, жақ, жан, қабырға, қаптал ♦A cube has six sides. – Кубтың/ Текшенің алты қабырғасы/ бүйірі/ жағы/ қапталы бар. ♦each side of the pyramid – пирамиданың әр қабырғасы/ бүйірі/ жағы 8.қабырға, қыр, бүйір, жақ, жан, шет, қаптал ♦a shape with five sides – бес қабырғалы/ қырлы фигура ♦sides of a square – квадраттың/ шаршының қабырғалары/ қырлары/ жақтары/ шеттері 9. -sided қабырғалы, қырлы, бүйірлі, жақты ♦a six-sided object – алты қабырғалы/ жақты зат ♦a glass-sided container – бүйірі әйнек ыдыс 10.жаны, қасы, жағы ♦at/by smb's /smth's ∼ Her husband stood at her side. – Қасында (өз) күйеуі тұрды. ♦She was glad to have him by her side. – Жанында оның болғанына ол қуанды. ♦Keep close to my side. – Қасымда жүр. ♦He rushed to be at her side. – Ол оның қасына ұмтылды. 11.жақ, тарап ♦Both sides agreed to restore diplomatic relations. – Екі жақ та дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті. ♦Each side is capable of destroying the other in a nuclear war. – Ядролық соғыс болса екі жақтың та бір-бірін жойып жіберуе шамасы жетеді. ♦We have finally reached an agreement acceptable to all sides. – Ақыры барлық тарапқа жарамды келісімге қол жеткіздік. 12.жақ ♦We heard both sides of the argument. – Біз даудың екі жағын да тыңдадық. ♦I just want you to hear my side of the story first. – Алдымен мені тыңдап алғаныңызды қалаймын. ♦The defendant has had no opportunity to put his side of the case. – Жауапкердің істі айтып түсіндіруге мүмкіндігі болмады. ♦on the… ∼ On the plus side, the film is beautifully shot and edited. – Бір жақсысы, фильмді әдемі түсіріп, редакциялапты. 13.жақ, тұс, қыр ♦These poems reveal her gentle side. – Бұл оның нәзік тұсын аша түседі. ♦It's good you can see the funny side of the situation. – Жағдайдың қызық жағын көрген жақсы екен. ♦I'll take care of that side of things. – Мәселенің о жағымен мен айналысамын. ♦the darker side of human nature – адам табиғатының күңгірт тұсы 14. (BrE, informal) өркөкіректік, менмендік ♦There was no side to him at all. – Ол тегі мінсіз еді (яғни, кекіреймейтін, тб). 15.жақ, команда ♦As captain, Pryce is confident of leading his side to victory. – Капитан ретінде Прайс командасының жеңетініне сенімді. ♦The French have a very strong side. – Француздардың командасы өте мықты. ¨We were on the winning/losing side. – Біз ұтатын/ ұтылатын жақта едік. ♦a home side – алаң иелері (жергілікті команда) 16.әке/ шеше жағынан туыс(қан) ♦a cousin on my father’s side – әкем жақтан жиен 17. (BrE, informal) a side dish жеңіл-желпі тағам (м.: салат, тб) ♦Your dinner comes with a choice of two sides. – Негізгі асыңызға екі жеңіл тағам қосылған. ♦a hamburger with a side of fries – картофель-фримен берілетін гамбургер 18. a ∼ of beef/bacon, etc. сиырдың/ шошқаның (қақ бөлгендегі) жарты еті 19. (old-fashioned, BrE, informal) телеарна, телеканал ♦What's on the other side? – Басқа арнада не болып жатыр? 20. (idm) *be on smb’s side біреу жақта/ біреудің жағында болу, біреуді қолдау/ жақтау) ♦I'm definitely on your side in this. – Бұл мәселеде нақты сен жақтамын. ♦Whose side are you on anyway? – Әйтеуір кімнің жағындасың? *a bit on the side (BrE, slang) көңілдес, ойнас, ашына ♦Is he your bit on the side? – Жүріп жүргенің осы ма? *come down on one side of the fence or the other «қоршаудың бер жағына не әр жағына түсу», екі нәрсенің бірін таңдау *err on the side of smth [қ-з: err (2)] *from side to side екі жаққа кезек-кезек, теңселе ♦He shook his head slowly from side to side. – Ол баяу басын шайқады. ♦The ship rolled from side to side. – Кеме теңселіп жатты. ♦The cat sat with its tail twitching from side to side. – Мысық құйрығын бұлғаңдатып отырды. *from/on the wrong side of the tracks қаланың кедей ауданынан (яғни, сол жақтан келген не сонда тұратын) *get on the right/wrong side of smb біреуге жағу/жақпау, біреуге ұнау/ұнамау *get out of bed on the wrong side (BrE) (NAmE get up on the wrong side of the bed) «төсектен жаман тұру», күні бойы көңіл-күйі болмау *the grass is (always) greener on the other side (of the fence) [қ-з: grass (А5)] *have smth on your side артықшылығы болу ♦She may not win this year, but she does have youth on her side. – Ол бұл жылы ұтпағанмен әлі жас (яғни, кейін ұтар). *know which side your bread is buttered (informal) «нанның қай жағына майдың жағылғанын білу», істің қырын/ ретін білу *laugh on the other side of your face [қ-з: laugh (А3)] *let the side down (especially BrE) біреудің сенімін/ үмітін ақтамау, біреуді отырғызып кету, жерге қарату, жер шұқыту, опындыру, қынжылту, өкіндіру, шоңқиту ♦You can always rely on Maggie - she’d never let the side down. – Қашан да Мәггиге иек артсаң болады – ешбір қынжылтқан емес. ♦I felt I was letting the side down by not going to the wedding. – Үйлену тойына бармай жұртты қынжылтатындай сезіндім. *look on the bright side [қ-з: bright (А6)] *not leave smb’s side біреудің қасынан/ жанынан кетпеу (яғни, күту, бағып-қағу) *on/from all sides | on/from every side барлық жақтан, әр жақтан ♦We realized we were surrounded on all sides. – Барлық жақтан қоршалғанымызды ұқтық. ♦Disaster threatens on every side. – Апат әр тұстан анталап тұр. ♦She was bombarded with questions from all sides. – Оған барлық тұстан сұрақ жауды. *on the big, small, high, etc. side (informal) сәл үлкендеу/ кішілеу/ биіктеу, тб ♦These shoes are a little on the tight side. – Бұл аяқ киім сәл қысады. ♦Don’t you think you’re a bit on the short side to play basketball? – Баскетбол ойнағанға сәл бойым жетіңкіремейді деп ойламайсың ба? *on the credit side жақсы жағы ♦On the credit side, she’s always willing to work very late. – Оның жақсы жағы – кешке дейін істеуге қашан да әзір. *on the distaff side [қ-з: distaff (2)] *on/to one side a) бір шетте/ бүйірде ♦I left my bags on one side. – Сөмкелерімді бір шетке қойдым. b) кейінге қалдыру, қоя тұру ♦I put his complaint to one side until I had more time. – Оның шағымын уақыт болғанда қарау үшін бір шетке ысырдым. ♦Leaving that to one side for a moment, are there any other questions? – Бұл сұрақты қоя тұрсақ, басқа сұрақтар бар ма? *on the right/wrong side of 40, 50, etc. [қ-з: right (А9)] *on the safe side [қ-з: safe (А10)] *on the side (informal) a) бір шетте, негізгі жұмысқа қосымша ♦a mechanic who buys and sells cars on the side – бір шетте машина алып-сататын механик b) бір шетте, құпия не заңсыз ♦He's married but he has a girlfriend on the side. – Ол үйленген, бірақ бір шетте көңілдесі бар. c) (especially NAmE) ресторанда) негізгі асқа қоса берілетін жеңіл-желпі тағам *on the wrong side of the law полициямен істі болу, полицияға ұрыну *the other side of the coin «тиынның/ монетаның кері жағы», мәселенің басқа қыры/ жағы *right side up [қ-з: right (А9)] *side by side a) қатар(ласа) ♦There were two children ahead, walking side by side. – Алдыда екі бала қатарласа кетіп бара жатты. ♦The two sat side by side on the bench. – Екеуі орындықта қатар отырды. b) бірге, қатар ♦We have been using both systems, side by side, for two years. – Екі жүйені екі жыл бойы қатар қолданып келеміз. ♦The two communities exist happily side by side. – Екі қауым бірге тату-тәтті өмір сүруде. *side of the fence (NAmE also side of the aisle) «шарбақтың/ коридордың бір жағы», екі қарама-қарсы пікірдің, тб бір жағы ♦The two countries are often on opposite sides of the fence when it comes to climate change. – Климат мәселесінде екі елдің пікірі бір-біріне көп жағдайда қайшы. ♦There are arguments on both sides of the aisle. – Екі жақтың да айтар дауы бар. *split your sides (laughing/with laughter) «(күлкіден) қабырғасы сөгілу», ішек-сілесі қата күлу *take sides бір жақты жақтау, бір жаққа шығу ♦She didn't think it was wise to take sides in their argument. – Ол пікірталаста бір жақты жақтаған дұрыс деп ойламады. *take/draw smb to one side біреумен оңаша/ жеке сөйлесу *this side of… белгілі бір уақыттан, оқиғадан, жастан, тб бұрын ♦They aren't likely to arrive this side of midnight. – Олар түн ортасынан бұрын келе қоймас. *a thorn in smb’s flesh/side «біреудің бүйіріне қадалған тікен», біреудің мазасын алатын адам я нәрсе *time is on your side «уақыт сен жақта/ сенің жағыңда», күте тұрсаң болады *two sides of the same coin «тиынның/ монетаның екі жағы», іргелес/ қатарлас/ қосақ нәрсе ♦Great opportunity and great danger are two sides of the same coin. – Ірі мүмкіндік пен ірі қауіп – қосақ нәрселер. B.v (phr v) *side with smb (against smb/smth) жақтасу, біреу жаққа/ біреудің жағына шығу ♦The kids always sided with their mother against me. – Балалар қашан да маған қарсы шешелерін жақтап шығатын.