sideline [ˈsaɪdlaɪn] A.n 1. ∼s спорт алаңының жиегіндегі сызық, жиек сызық ♦The coach stood on the sidelines yelling instructions to the players. – Бапкер жиекте тұрып ойыншыларға нұсқауларды дауыстай айтып жатты. 2. қосымша жұмыс, қосымша табыс көзі ♦His hobby of winemaking was fast becoming a profitable sideline. – Оның шарап жасау ермегі қосымша табыс көзіне тез айналуда. 3. (idm) *on/from the sidelines сырттай қарау, шетте тұрып қарау ♦She has chosen to remain on the sidelines of public debate. – Ол қоғамдық дебатқа тікелей араласпағанды жөн көрді. B.v шеттеп қалу, ығысу; шеттету, ығыстыру ♦be ∼d (by smth) The player has been sidelined by a knee injury. – Тізе жарақаты ойыншыны шеттетті. ♦be ∼d (by smb/smth) The vice-president is increasingly being sidelined. – Вице-президентті шеттете түсуде.