sight [saɪt] A.n 1.жанар, көз жанары (syn: eyesight) ♦to lose your sight – жанарын жоғалту, көзі көрмей қалу, соқыр болып қалу ♦She has very good sight. – Оның көзі – шалғыш./ Оның жанары – мықты. ♦It's important that you have regular sight tests. – Көзді үнемі тексертіп тұрған жөн. 2.көру, байқау ♦∼ of smb/smth She kept sight of him in her mirror. – Айнасында оның суреті бар болатын. ♦She caught sight of a car in the distance. – Алыстан оның машинасын аңғарды. ♦After ten days at sea, we had our first sight of land. – Он күн теңізде жүзген соң көзіміз құрғақ жерді шалды. ♦The mere sight of him makes me want to scream. – Оны көрсем болды денем түршігеді. ♦at the ∼ He laughed quietly to himself at the sight. – Жаңағыны (әлгі көріністі) көріп ол өзінен-өзі ақырын күлді. ♦on ∼ The soldiers were given orders to shoot on sight. – Солдаттар біреуді көрсеңдер болды атыңдар деген бұйрық алды. 3.көзге көріну/ шалыну/ түсу, кезігу, ұшырау ♦in ∼ There was no one in sight. – Көзге ешкім түспеді. ♦They stole everything in sight. – Олар көзге түскен нәрсенің бәрін ұрлады. ♦The end is in sight. – Бітуге жақын. ♦The goats ate everything in sight. – Ешкілер алдындағының бәрін жеді. ♦in ∼ of smb/smth At last we came in sight of a few houses. – Ақыры көзімізге бірнеше үй түсті. ♦A bicycle came into sight on the main road. – Үлкен жолда бір велосипед көзге шалынды. ♦within ∼ They marched on and by the following afternoon the enemy was within sight. – Олар сап түзеп алға басты, келесі күні түстен кейін жау жақын қалған еді. ♦within ∼ of smb/smth He sprinted ahead as they came within sight of the finishing line. – Олардың көзі мәрені шалғанда ол оза құйғытты. ♦out of ∼ Leave any valuables in your car out of sight. – Бағалы заттарды машинада көзге түспейтін жерге қой. ♦Keep out of sight. – Көрінбе. ♦out of smb's ∼ She never lets her daughter out of her sight. – Ол (өз) қызын көзінен таса қылмайды. ♦Get out of my sight! – Жоғал! ♦The boat disappeared from sight. – Қайық көзден таса болды. 4.көрініс, көзге түсетін нәрсе ♦Roadside stalls are a common sight in the city. – Жол шетіндегі столдар - қаладағы көп ұшырасатын көрініс. ♦It's a spectacular sight as the flamingos lift into the air. – Қоқиқаздар жерден көтерілетін кез – тамаша көрініс. ♦The museum attempts to recreate the sights and sounds of wartime Britain. – Музей соғыс кезіндегі Британияның көріністері мен дыбыстарын қалпына келтіруге тырысады. ♦He was a sorry sight, soaked to the skin and shivering. – Үсті-басы сүме-сүме болып, қалшылдап, онда ұсқын қалмапты. ♦The bird is now a rare sight in this country. – Бұл құс бұл елде енді сирек ұшырасады. ♦He became a familiar sight on the streets of Oxford. – Ол Окфсорд көшелеріндегі таныс бейнеге айналды. ♦The gardens were a beautiful sight to behold in the twilight. – Күн бата бақтар ғажайып көрінеді. 5. ∼s көрнекті/ қызық(ты) жерлер/ тұстар ♦We're going to Paris for the weekend to see the sights. – Апта соңында Парижге барып, қызық жерлерін (аралап) көрмекпіз. ♦The next day I did the sights of the city. – Келесіні күні қаланы аралап, қызық жерлерін көрдім. 6. a ∼ (informal, especially BrE) ұсқынсыз, сиықсыз, тб адам я нәрсе, албасты ♦She looks a sight in that hat! – Ана қалпақпен ол албастыдай көрінеді! 7.нысана, қарауыл (мылтықтағы көздейтін нәрсе) (мушка, мишень, цель) ♦He had the deer in his sights now. – Маралды ол нысанаға алды (яғни, оны көздеп атуға ыңғайланды). ♦to align the sights on the target – көздеу, нысанаға алу ♦(figurative) Even as a young actress, she always had Hollywood firmly in her sights. – Тіпті жас актриса кезінде оның көздегені Голливуд еді. 8. (idm) *at first sight алғаш көргенде/ қарағанда/ кезіккенде, алғашында ♦At first glance the twins look identical. – Алғаш көргенде егіздер бір-бірінен аумайтындай көрінеді. ♦It was love at first sight. – Бір көргеннен ғашық болды. ♦We fell in love with the house at first sight. – Үй бізге бір көргеннен ұнады. ♦He looked at first sight like a tourist. – Ол алғашында турист сияқты көрінді. *hate, be sick of, etc. the sight of smb/smth (informal) көргенде жиіркену, жеккөру, тб ♦I can't stand the sight of him! – Оны су қаным сүймейді! *heave into sight/view [қ-з: heave (А5)] *in the sight of smb/in smb’s sight (formal) біреудің алдында, біреудің пікірінше ♦We are all equal in the sight of God. – Құдайдың алдында бәріміз теңбіз. *know smb by sight [қ-з: know (А10)] *lose sight of smb/smth a) біреуден көз жазып қалу, көрінбеу кету ♦They finally lost sight of land. – Жер оларға ақыры көрінбей кетті. b) ұмыту; доғару ♦We must not lose sight of our original aim. – Бастапқы мақсатымызды ұмытпауымыз керек. *not a pretty sight [қ-з: pretty (В3)] *nowhere to be found/seen | nowhere in sight [қ-з: nowhere (2)] *out of sight, out of mind [қ-з: mind (А6)] *raise/lower your sights [қ-з: raise (А16)] *set your sights on smth/on doing smth (бірн-е істеуге) оқталу, бел шешу, көзге алу ♦She's set her sights on getting into Harvard. – Ол Гарвардқа түсуді көздеді. ♦I had set my sights on a career in journalism. – Мен журналист болуға оқталдым. *a (damn, darn etc.) sight better, etc. | a (damn, darn etc.) sight too good, etc. (informal) әлдеқайда жақсы; тым жақсы ♦She's done a darn sight better than I have. – Ол менен көп жақсы істеді/ көп артық болды. ♦I know the place a damn sight better than you do. – Мен ол жерді сенен әлдеқайда жақсы білемін. *a sight for sore eyes (informal) жайлы/ көз қуантатын адам я нәрсе *sight unseen көрмей тұрып (сатып алу) ♦I bought it, sight unseen. – Бұны көрместен сатып алдым. B.v (formal) ∼ smth көзге шалыну/ түсу, кенет көзі шалу, кенет көру ♦After twelve days at sea, they sighted land. – Теңіздегі он екі күннен соң олардың көзіне жер шалынды.