sign [saɪn] A.n 1.белгі, нышан (syn: indication) ♦Looking back, I should have seen the signs. – Есіме алсам, бұл белгілерді көрген болуым керек. ♦a clear/visible sign – анық/ айқын белгі ♦an encouraging sign – жақсы нышан/ белгі ♦a positive sign – оң/ жақсы нышан/ белгі ♦The fact that he didn't say ‘no’ immediately is a good sign. – Оның бірден «жоқ» демегенінің өзі жақсы нышан. ♦If I had noticed the warning signs, none of this would have happened. – Істің мән-жайын аңғара алғанымда ғой, бұны ешқайсысы болмас еді. ♦Early signs point to business improving. – Алғашқы белгілер істің/ бизнестің оңалып келе жатқанын аңғартады. ♦Headaches may be a sign of stress. – Бас ауруы стресті білдіруі мүмкін. ♦There is no sign of John anywhere. – Джон ұшты-күйлі жоқ. ♦There was no sign of life in the house. – Үйде ешбір тіршілік байқалмады. 2. (жазылған, тб) белгі, жазу ♦to put up/post a sign – белгі қою/ ілу ♦to carry/hold a sign – (жазылған) жазуы болу/ жазу ұстау ♦a street/stop sign – көшедегі белгі/ тоқта деген белгі ♦a shop/pub sign – дүкен/ паб жазуы ♦a traffic sign – көше қозғалысы белгісі ♦The sign read ‘No Fishing’. – Белгіде «Балық аулауға болмайды» деген жазу болды. 3.белгі, ишара, ым ♦He gave a thumbs-up sign. – Ол бас бармағын көтеріп белгі берді. ♦∼ from smb She was waiting for some kind of sign from him. – Ол одан қандай да бір ым/ ишара/ белгі күтіп отырды. ♦At a sign from her, the band would start to play. – Ол белгі/ ишара бергенде, ансамбль ойнай бастайды. ♦as a ∼ of smth He gave a slight bow as a sign of respect. – Құрмет ретінде ол сәл иілді. 4.таңба ♦a plus/minus sign (= +/−) – плюс/ минус таңбасы ♦a dollar/pound sign (= $/£) – доллар/ фунт таңбасы 5. (informal) зодиак белгісі, жұлдыз белгісі ♦What sign are you? – Жұлдызың қайсысы? (Қай жұлдыздың астында тудың?) 6. (idm) *a sign of the times заман/ уақыт белгісі ♦The increasing number of people owning guns is an alarming sign of the times. – Қару ұстайтын кісі санының сұмдық артуы – заман белгісі. B.v 1. (документке, тб) қол қою ♦Sign here, please. – Осында қол қойсаңыз. ♦∼ smth to sign an agreement/a deal/a contract – келісімге/ контрактіге қол қою 2. (спортшыны, тб жалдап, тб) контрактіге қол қою, жалдау ♦∼ smb United have just signed a new goalie. – Юнайтед жаңа қақпашы жалдады. ♦to sign a player – ойыншы жалдау ♦∼ for smth He signed for United yesterday. – Ол кеше Юнайтедпен контрактіге қол қойды. ♦∼ with smth The band signed with Virgin Records. – Муз-қ топ Вирджин Рекордз компаниясымен келісімге қол қойды. 3. ∼ that… белгі/ ишара беру, ымдау (syn: signal) ♦∼ to smb (to do smth) The hotel manager signed to the porter to pick up my case. – Қонақ үй менеджері жүкшіге менің чемоданымды ал деп белгі берді. ♦∼ for smb to do smth The police officer signed for us to stop. – Полиция қызметкері бізге тоқта деп белгі берді. ♦∼ that… The police officer signed that we were to stop. – Полиция қызметкері бізге тоқта деп белгі берді. ♦∼ smb to do smth He signed his troops to move out. – Ол әскерлеріне шығыңдар деп белгі берді. 4. (саңырауларға арналған) ым тілін қолдану ♦She learnt to sign to help her deaf child. – Ол саңырау балаларға жәрдемдесу үшін ым тілін үйренді. 5. (idm) *signed and sealed | signed, sealed and delivered [қ-з: seal (А6)] *sign on the dotted line (informal) документке қол қою ♦Just sign on the dotted line and the car is yours. – Әшейін қол қой, сонда машина сенікі. *sign/take the pledge [қ-з: pledge (В3)] 6. (phr v) *sign smth away (тиісті документке қол қойып) дүние-мүлікке иелік хақынан айырылу *sign for smth (бірнәрсе алғанын білдіріп документке) қол қою ♦The courier asked me to sign for the parcel. – Курьер пакетті алғанымды растап қол қоюды өтінді. *sign in/out | sign smb in/out келгенде/ кеткенде қағаз толтыру/ қағазға аты-жөнін жазу, тіркеу ♦All visitors must sign in on arrival. – Келушілердің бәрі келгенде тіркелсін. ♦You must sign guests out when they leave the club. – Қонақтар клубтан шығар кезде жазып отыруың керек. *sign off a) (BrE) хатты жазып бітіру/ аяқтау ♦She signed off with ‘Yours, Janet’. – Ол хатты «Сенің Джанетің» деп аяқтады. b) телепрограмманы аяқтау *sign smth off қол қойып келісім беру *sign off on smth (NAmE, informal) құптау ♦The president hasn't signed off on this report. – Президент бұл баяндаманы құптамады. *sign on (BrE, informal) жұмыссыз екені туралы қағазға қол қойып үкіметтен ақшалай жәрдем сұрау *sign on/up | sign smb on/up (syn: enlist) әскерде, тб қызмет етуге келісім беретін контрактіге қол қою ♦He signed on for five years in the army. – Ол бес жыл армияда қызмет етуге қол қойды. ♦The company has signed up three top models for the fashion show. – Сән/ Фасьон шоуға компания үш топ-модельді жалдады. *sign smth over (to smb) (тиісті документке қол қойып) дүние-мүлікке иелік хақын біреуге беру ♦She has signed the house over to her daughter. – Үй-жайға (иелік) хақын ол қызына берді. *sign up (for smth) оқу курсына жазылу ♦You can sign up online for language classes. – Тіл үйрену курсына онлайн жазылса болады. *sign up to smth (BrE) халықаралық документке, тб қол қою/ қосылу ♦How many countries have signed up to the Paris agreement on climate change? – Климат өзгерісі туралы Париж келісіміне қанша ел қол қойды/ қосылды? *sign up to do smth бірнәрсеге қатысуға келісу ♦We have about 100 people signed up to help so far. – Жәрдемдесуге шамамен жүз адам келісті.