signal [ˈsɪɡnəl] A.n 1.белгі, ишара, ым, дабыл, сигнал (syn: sign) ♦a danger/warning/distress signal – қауіп/ ескерту/ апат белгісі/ дабылы/ сигналы ♦at a ∼ At an agreed signal they left the room. – Келісілген ишарада олар бөлмеден шықты. ♦∼ to smb She made an impatient signal to him, but he ignored her. – Шыдамай оған ымдап еді, ол ерен қылмады. ♦∼ to do smth He thought he had heard the referee's signal to proceed. – Ол бастауға төреші белгі берген екен деп ойлап қалды. ♦∼ for smb to do smth The siren was a signal for everyone to leave the building. – Сирена әркімге үй-жайдан шық деген белгі еді. ♦When I give the signal, run! – Белгі бергенімде/ Ымдағанымда, жүгір. ♦(NAmE) All I get is a busy signal when I dial his number. – Телефон шалғанымда еститінім «бос емес» деген үн. ♦hand signals – велосипедшінің қолмен белгілері 2.белгі, сигнал (светофордың) ♦The traffic signals were on red. – Көлік қозғалысы белгісі қызыл еді. ♦a stop signal – тоқтау белгісі ♦Delays are occurring as a result of signal failure on the northbound line. – Кешігулер солтүстік жолдағы светофордың істемеуінен болуда. 3.сигнал, (радио-, тб)толқын ♦radio signals – радиосигнал(дар) ♦TV signals – телевизия сигнал(дар)ы ♦a digital signal – санды (цифрлы) сигнал ♦a high-frequency signal – жоғары жиіліктегі сигнал ♦a radar signal – радар сигналы ♦to emit a signal – сигнал (жі)беру ♦to detect/pick up signals – сигнал ұстау 4.белгі, нышан (syn: indication) ♦∼ (that)… The rise in inflation is a clear signal that the government's policies are not working. – Инфляцияның өсуі - үкімет жоспарының істемей жатқанының айқын белгісі. ♦∼ of smth Chest pains can be a warning signal of heart problems. – Көкірек шаншулары жүрек мәселесі бар екенін ескертеді. ♦Reducing prison sentences would send the wrong signals to criminals. – Абақты жазасы мерзімін қысқартса қылмыскерлер еркінсуі мүмкін. B.v 1.белгі/ ишара/ сигнал беру, ишара ету, ымдау ♦Don't fire until I signal. – Белгі бергенімше, атпа. ♦∼ to smb for smth He signalled to the waiter for the bill. – Ол даяшыға/ официантқа счет бер деп ымдады. ♦∼ to/for smb to do smth He signalled to us to join him. – Ол бізге бері келіңдер деп ымдады. ♦The patrolman signalled for her to stop. – Патруль оған тоқта деп белгі берді. ♦∼ smth The referee signalled a foul. – Төреші тәртіп бұзылды деп белгі берді. ♦∼ (that)… She signalled (that) it was time to leave. – Ол кетер уақыт болды деп ымдады. ♦∼ which, what, etc… You must signal which way you are going to turn. – Бұрылатын жақты көрсетіп белгі беру керек. 2. (көліктің қайда бұрылатынын көрсетіп) белгі беру (syn: indicate) ♦Did you signal before you turned right? – Оңға бұрыларда белгі бердің(із) бе? ♦∼ smth to signal left/right – солға/ оңға (бұрылатынын көрсетіп) белгі беру 3. ∼ smth белгісі/ нышаны болу (syn: indicate) ♦This announcement signalled a clear change of policy. – Бұл хабарлама жоспардың нақты өзгерісін білдірді. ♦The scandal surely signals the end of his political career. – Бұл шатақ оның саяси карьерасының соңын білдіретіні анық. ♦A fall in demand does not necessarily signal the death of the industry. – Сұраныстың азаюы міндетті түрде индустрияның/ өнеркәсіптің құрығанын білдірмейді. 4.белгі беру, білдіру, тұспалдау, көрсету ♦∼ smth He signalled his discontent by refusing to vote. – Ол дауыс бермей наразылығын білдірді. ♦∼ (that)… She has signalled (that) she is willing to stand as a candidate. – Ол кандидат болғысы келетінін меңзеді. C.adj (formal) үлкен, айқын, нақты ♦a signal honour – үлкен құрмет ♦a signal failure of leadership – басшылықтың оңбай омақасуы