significance [sɪɡˈnɪfɪkəns] n 1.маңыз, маңыздылық ♦a decision of major political significance – саяси маңызы үлкен шешім ♦The new drug has great significance for the treatment of the disease. – Жаңа дәрінің ауруды емдеудегі маңызы үлкен. ♦We should be fully aware of the significance of television in shaping our ideas. – Идеяларымызды сомдауда(ғы) телевизордың маңызын ұғуымыз керек. 2.мән, мағына, мән-мағына, маңыз ♦She couldn't grasp the full significance of what he had said. – Ол оның айтқанының мәнін толықтай ұға алмады. ♦Do these symbols have any particular significance? – Осы белгілердің белгілі бір мәні бар ма?