significant [sɪɡˈnɪfɪkənt] adj 1. едәуір, әжептәуір, елеулі, біршама, үлкен, пәлендей ♦There are no significant differences between the two groups of students. – Оқушылардың екі тобының арасында пәлендей (бір) айырмашылық жоқ. ♦Your work has shown a significant improvement. – Жұмысың едәуір жақсарыпты. ♦a significant increase/decrease/reduction/loss – едәуір арту/ түсу/ азаю/ шығын ♦a significant amount/number/part/portion – қомақты мөлшер/ сан/ бөлік ♦significant change/progress – едәуір өзгеріс/ ілгерілеу ♦The drug has had no significant effect on stopping the spread of the disease. – Аурудың таралуын шектеуге дәрінің пәлендей әсері болмады. 2.мәні/ мән-мағынасы бар, елеулі, гәп бар, маңызды ♦The fact that her remarks were leaked to the media in advance is highly significant. – Оның айтатын сөздерін алдын-ала баспасөздің біліп алғанында бір гәп бар. ♦it is ∼ that… It is significant that he changed his will only days before his death. – Мұрасын өзі қайтыс болардан бірнеше күн бұрын өзгертуінде бір гәп бар. ♦This year's event is particularly significant as it takes place on the centenary of his birth. – Биылғы іс-шара ерекше маңызды, себебі бұл оның жүз жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. ♦∼ to/for smb rituals which are deeply significant to Christians – христиандар үшін аса маңызды әдет-ғұрыптар ♦November 16th will always be an especially significant day for us, thanks to the birth of our second grandchild. – Қарашаның 16-сы біз үшін өте маңызды, себебі осы күні екінші баламыз дүниеге келген. 3. астарлы, өзінше/ құпия мәні/ мағынасы бар (syn: meaningful) ♦a significant look/smile – астарлы қарас/ жымиыс