silence [ˈsaɪləns] A.n 1.үнсіздік, тыныштық (syn: quiet) ♦Their footsteps echoed in the silence. – Олардың жүрісі тыныштықта жаңғырды. ♦A scream broke the silence of the night. – Шыңғырыс түнгі тыныштықты бұзды. ♦I need absolute silence when I'm working. – Жұмыс істегенімде маған мүлде тыныштық керек. ♦an embarrassed/awkward/uncomfortable silence – қысылып үндемеу/ ыңғайсыз/ жайсыз үнсіздік ♦a moment’s stunned silence – бір сәтке тына қалу ♦I got used to his long silences. – Оның ұзақ үнсіздігіне/ мылқиысына үйрендім. ♦There was a deafening silence. – Мүлде тыныш еді. ♦She broke her public silence in a TV interview. – Ол телеинтервьюде тіс жарды. ♦∼ (on smth) The company's silence on the subject has been taken as an admission of guilt. – Компанияның бұ мәселеде үнсіздігін жұрт өз қатесін мойындау деп ұқты. ♦the right to silence – (тұтқындалған кезде) үндемеу/ сөйлемеу хақы ♦There is a conspiracy of silence about what is happening. – Бәрі де бұ жайлы сөйлемеуге келісті. 2. (idm) *a heavy silence/atmosphere ауыр тыныштық/ үнсіздік *a pregnant pause/silence [қ-з: pause (В4)] *silence is golden (saying) «үнсіздік – алтын», үндемеген үйдей пәледен құтылар B.v ∼ smb/smth сөйлеттірмеу, сөйлеткізбеу, дыбыс шығартпау, шулаттырмау, үнін өшіру, аузын жабу ♦She silenced him with a glare. – Ол көзбен бір атып оның үнін өшірді. ♦Our bombs silenced the enemy's guns. – Бомбаларымыз жау қаруының үнін өшірді. ♦Her scream was abruptly silenced. – Оның шыңғырысы күрт үзілді. ♦(ауысп мағ) All protest had been silenced. – Наразылықтың бәрін тыныштандырды. ♦(ауысп мағ) Her recent achievements have silenced her critics. – Оның кейінгі жетістіктерінен кейін сынаушылар үнсіз қалды. C.excl (formal) тыныш(тал-ыңдар) ♦Silence in court! – Сотта тыныштық!