silent [ˈsaɪlənt] adj 1.тыныш, үнсіз (syn: quiet) ♦At last the traffic fell silent. – Ақыры көлік шуы басылды. ♦The streets were silent and deserted. – Көшелер тыныш, қаңырап бос қалған еді. ♦to remain/stay/keep silent – үнсіз болу/ қалу ♦As the curtain rose, the audience fell silent. – Шымылдық көтерілгенде көрермендер тынышталды. ♦He gave me the silent treatment. – Ол торсиып маған үндемеді. ♦The mayor was silent for a moment. – Мэр бір сәт үндемеді. ♦a silent prayer/protest – үнсіз дұға/ наразылық ♦They nodded in silent agreement. – Олар үнсіз келісе бас шұлғыды. 2. (сөздегі) үнсіз әріп ♦The ‘b’ in ‘lamb’ is silent. - ‘Lamb’-дегі ‘b’ – үнсіз (әріп). 3. (көне кинолар ж) үнсіз ♦a silent film/movie – үнсіз кино/ фильм ♦stars of the silent screen – үнсіз кино жұлдыздары 4.үндемес, сөйлемейтін, сөйлемес, тұйық; жуас (syn: quiet) ♦He's the strong silent type. – Ол бір мығым да мыңқиған біреу. ♦the right to remain silent – (тұтқындалған кезде) үндемеу хақы ¨(ауысп мағ) The report is strangely silent on this issue. – Баяндамада бұл мәселе жайлы айтылмағаны қызық екен.