silly [ˈsɪli] A.adj (sillier, silliest) 1. ақымақ, топас, бассыз, ойсыз (syn: foolish) ♦a silly idea/question/name – ойсыз идея/ сұрақ/ біртүрлі есім ♦That was a silly thing to do! – Бұл бір ойсыз нәрсе болыпты! ♦It sounds silly, I know, but think about it. – Бірқызық естілетінін білемін, алайда осы жайлы ойлаймын. ♦Her work is full of silly mistakes. – Жұмысында ойсыз қателер көп. ♦‘I can walk home.’ ‘Don't be silly - it's much too far!’ – «Үйге дейін жаяу бара аламын». «Денің сау ма – тым алыс қой!» ♦The answers they give are plain silly. – Олардың беретін жауаптары тегі ойсыз. ♦You silly boy! – Өй, ақымақ бала! ♦it is ∼ of smb to do smth It would be silly of me to say no. – Жоқ дегенім ойсыздық/ ақымақтық болар еді. ♦How silly of me to expect them to help! – Соншама ақымақ/ топас болып, ол көмектеседі деп дәмеленіптім! 2. ойсыз, ақымақ, жөнсіз, қылжақ (syn: ridiculous) ♦a silly sense of humour – жөнсіз қалжың ♦a silly game – жөнсіз ойын ♦I feel silly in these clothes. – Мына киімдермен әумесер көрінемін. ♦She had a silly grin on her face. – Жүзінде шолжаң ыржиыс бар еді. 3.біртүрлі, сиықсыз, сұрықсыз ♦We had to wear these silly little hats. – Мынау жарбиған қалпақтарды киюге мәжбүр болдық. ♦Why worry about a silly thing like that? – О сияқты түкке тұрмайтын нәрсеге неге бас қатыру керек? 4. (idm) *bored stiff/silly | bored to death/tears | bored out of your mind (informal) сұмдық жалығу/ зерігу, іші пысып өлермен болу *drink, laugh, shout, etc. yourself silly (informal) ішіп/ күліп/ айқайлап, тб қылжақтау *play (silly) games (with smb) (біреуді алдау үшін) қылжақтау, қылжаққа басу, жағдайға үстіртін/ атүсті/ жеңіл-желпі қарау ♦Don't play silly games with me; I know you did it. – Маған қылжақтамашы; не істегеніңді білемін. *play silly buggers (BrE, informal) қылжақтау, ақымақтану B.n (BrE also silly billy) (informal) (балаларға қарата айтылады) аусарым, тентегім, шолжаңым ♦No, silly, those aren't your shoes! – Жоқ, аусарым, бұл сенің аяқ киімің емес!