silver [ˈsɪlvə(r)] A.n 1.күміс (symbol Ag) (хим-қ элемент, бағалы металл) ♦a silver ring/chain – күміс жүзік/ алқа ♦made of solid silver – сом күмістен жасалған ♦a silver mine – күміс кені 2.күміс түс, ақбоз рең(к) ♦There was a streak of silver in her hair. – Шашы сәл бурыл еді. ♦∼ of smth the shimmering silver of the moon – айдың күмістей жылтырауы 3.күміс заттар/ бұйымдар ♦Thieves stole £5 000 worth of silver. – Ұрылар (құны) £5 000 болатын күміс дүние ұрлаған. ♦They've had to sell the family silver to pay the bills. – Қарызын төлеу үшін олар үй-іші күміс бұйымдарын сатқан. 4.күміс не күміс сияқты ақша/ тиын/ шақа/ монета ♦I need £2 in silver for the parking meter. – Машинаны қойғаным үшін маған £2 керек. 5. (also ∼ medal) күміс медаль ♦The team won two silvers and a bronze. – Команда екі күміс, бір қола (медаль) ұтты. 6. (idm) *born with a silver spoon in your mouth [қ-з: born (2)] *cross smb’s palm with silver [қ-з: palm (А3)] *every cloud has a silver lining [қ-з: cloud (А5)] *on a silver platter [қ-з: platter (2)] B.adj күміс (түсті), ақбоз ♦a silver car – күміс түсті машина, ақбоз машина ♦silver hair – бурыл шаш C.v 1. ∼ smth күміс жалату (бірн-ң үстін жұқа күміс қабатпен не күміс сияқты нәрсемен сырлау/ қаптау, тб) 2. ∼ smth (especially literary) күмісше жарқырату ♦Moonlight was silvering the countryside. – Ай жарығы ауылды күміс түске бөлеген.