similar [ˈsɪmələ(r)] adj ұқсас, ұқсаған, (осы/ сол) сияқты, осындай, сондай, тәрізді, секілді, бірдей (opp: different, dissimilar) ♦We have very similar interests. – Қызығатын нәрселеріміз өте ұқсас екен. ♦The experiment was repeated, with similar results. – Экспериментті қайталап, ұқсас нәтиже алынды. ♦I came across a similar situation last year. – Мен де былтыр осындай жағдайға тап болғанмын. ♦The brothers look very similar. – Бауырлар бір-біріне ұқсайды. ♦The three portraits are remarkably similar. – Үш портрет – өте ұқсас.