similarly [ˈsɪmələli] adv 1.ұқсас, сондай/ осындай (дерлік), сол/ осы сияқты, бірдей ♦It is a little cheaper than other similarly sized cars. – Бұл көлемі осы сияқты машиналардан сәл арзан. ♦He has a similarly impressive record in the sport. – Оның да спорттағы табысы осы сияқты тамсандырарлық. ♦The different groups of women in the study responded similarly. – Әйледердің түрлі тобы бірдей жауап берді. ♦All sections of society were similarly affected by the war. – Қоғамның барлық бөлігі де соғыстан бірдей зардап шекті. ♦∼ to smb/smth Phosphorus behaves similarly to nitrogen. – Фосфор азот сияқты реакцияға түседі. 2.сол/ осы сияқты, сондай-ақ ♦The United States won most of the track and field events. Similarly, in swimming, the top three places went to Americans. – Жеңіл атлетикада Құрама Штаттар көп жеңді. Сол сияқты, жүзуде де америкалықтар алғашқы үш орынды алды.