simmer [ˈsɪmə(r)] A.v 1. ∼ smth қайнау нүктесіне дейін әкеліп пісіру, қайнауға жақын әкелу, аз жалында ұстау ♦Simmer the sauce gently for 10 minutes. – Тұздықты/ Соусты он минут қайнауға жақын/ аз жалында ұста. ♦Leave the soup to simmer. – Сорпаны қайнауға жақын/ аз жалынға қой. 2. ∼ (with smth) ширығып тұру, ашуға булығып тұру, ашуға бөгу, (іштей) кіжіну (syn: seethe) ♦She was still simmering with resentment. – Ол әлі де кіжініп тұрған. ♦Anger simmered inside him. – Іштей ашуға бөкті. ♦(ауысп мағ) This argument has been simmering for months. – Бұл дау айлар бойы бықсыды. ♦(ауысп мағ) The simmering dispute finally erupted. – Бықсыған дау ақыры бұрқ етті. 3. (phr v) *simmer down (informal) ашуы/ толқуы тарқау, сабасына түсу ♦I left him alone until he simmered down. – Сабасына түссін деп оны жалғыз қалдырдым. B.n судың, тб қайнау алдындағы/ -ға жақын күйі ♦Bring the sauce to a simmer and cook for 5 minutes. – Тұздықты қайнауға жақын әкеліп, бес минут пісір.