simple [ˈsɪmpl] adj (simpler, simplest) 1.оңай, жеңіл, жай, қарапайым (syn: easy) ♦a simple solution/explanation/question/task/example – оңай шешім/ түсініктеме/ сауал/ міндет/ мысал ♦∼ for smb/smth You will soon see that what once seemed impossible is now simple for you. – Бір кездері мүмкін еместей көрінген нәрсенің енді сен үшін оңай екенін көресің. ♦smth is ∼ This machine is very simple to use. – Бұл жабдықты қолданған өте оңай. ♦Give the necessary information but keep it simple. – Керек мәліметті бер, бірақ қиындатпа. ♦We lost because we played badly. It's as simple as that. – Ұтылған себебіміз – нашар ойнадық. Осы ғана. ♦It all sounds simple enough. – Естігенге бәрі де оңай көрінеді. ♦Let me make it simple - this is going to take years to do. – Әшейін түсіндірейін – бұл үшін жылдар кетеді. ♦These are bad guys, plain and simple. – Бұлар – жаман жігіттер, тоқетері осы. ♦The answer is really quite simple. – Жауап шынында өте оңай. ♦a relatively simple process – біршама жеңіл процесс 2.жай, қарапайым, әншейін (opp: fancy) ♦simple but elegant clothes – жай да тартымды киімдер ♦We had a simple meal of soup and bread. – Суп ішіп, нан жеп жай тамақтандық. ♦The accommodation is simple but spacious. – Тұрақ жай болғанымен, кең. ♦The simple things in life are often the best. – Өмірдегі қарапайым нәрселер - көбінесе жақсы. ♦He was pleased to live the simple life and enjoy nature around him. – Ол жай тіршілік етіп, төңіректегі табиғат аясында болғанды ұнатты. ♦simple pleasures, like reading and walking – кітап оқу, жаяу жүру сияқты қарапайым қызықтар 3.кәдімгі, жай, әншейін, әдеттегі, дағдылы, күнделікті, қалыпты, қарапайым ♦a simple fact – жай/ кәдімгі факт ♦The simple truth is that we just can't afford it. – Бұны қалтамыз көтермейтіні – жай/ әншейін шындық. ♦It was a matter of simple survival. – Әшейін аман қалу керек болды. ♦a simple headache – жай/ әншейін бас ауруы ♦I had to do it for the simple reason that I couldn't trust anyone else. – Әшейін/ Жай себебі сол – ешкімге сенбегендіктен бұны өзім істеуге тиіс болдым. ♦A simple majority is all that is required. – Бар керегі жай/ әшейін көпшілік еді. 4.қарапайым, жай, күрделі емес ♦simple forms of life, for example amoebas – амеба сияқты қарапайым/ жай тіршілік формалары ♦a simple machine – қарапайым/ жай жабдық ♦(grammar) a simple sentence – жай сөйлем ♦a simple model of a business market – бизнес базарының жай/ қарапайым моделі 5.жай, қарапайым, әшейін ♦I'm a simple country girl. – Қарапайым ауыл қызымын. ♦The poem describes simple young soldiers in the Civil War. – Өлеңде азамат соғысындағы жай жас сарбаздар жайлы жазылған. 6.шолақ ойлайтын, ақылсыз; ақыл-есі ауытқыған ♦He's not mad - just a little simple. – Ол – жынды емес, сәл ақыл жетпейді. 7.етістіктің жай шағы (м.: She loves him (= the simple present tense қазіргі жай шақ, He arrived late (= the simple past tense өткен жай шақ)) 8. (idm) *pure and simple [қ-з: pure (7)]