simply [ˈsɪmpli] adv 1.жай, ә(н)шейін (syn: just) ♦To order, simply click here. – Заказ беру үшін жай/ әшейін клікте/ бас. ♦This is not to suggest we simply ignore the problem. – Біз мәселеге әншейін көз салмаймыз деген ой тумауы керек. ♦She says that the company was simply trying to protect its business. –Компания жай өзінің кәсібін/ бизнесін қорғамақ болды дейді ол. ♦Simply add hot water and stir. – Әшейін/ Жай ыстық су құй да араластыр. 2.оңай, жеңіл, ұғымды, түсінікті ♦The book explains grammar simply and clearly. – Кітап грамматиканы жеңіл де анық (етіп) түсіндіреді. ♦Anyway, to put it simply, we still owe them £2 000. – Қайткенде де, қысқасы, біз оларға әлі £2 000 қарызбыз. ♦Simply put, electronic music is anything made using technology. – Қысқасы, электрон(ды) музыка (деген) - технологияның көмегімен жасалған нәрсе. ♦Put simply, cells contain an inbuilt mechanism which determines their lifespan. – Қысқасы, клеткалардың ішінде олардың өмір ұзақтығын белгілейтін механизм бар. ♦Simply stated, the time for major reform is now. – Қысқасы, ірі реформаға уақыт болды. ♦It is in many ways a simple story, simply told. – Көп жағдайда бұл түсінікті жайт. 3.қарапайым, жай, жұпыны ♦The rooms are simply furnished. – Бөлмелер жай мебельденген. ♦They live simply. – Олар қарапайым өмір сүреді. 4. (нығарлай айтқанда қолд) тегі, тек, мүлде(м), тіпті, толығымен, сөзсіз (syn: absolutely) ♦You simply must see the play. – Пьесаны көрсеңіз ғой. ♦You simply have to come with us. – Бізбен баруың керек, болды. ♦He simply refused to believe it. – Ол бұған тегі сенбеуде. ♦The view is simply wonderful! – Көрініс тегі керемет! ♦That is simply not true! – Бұл тегі өтірік! ♦This information is simply wrong. – Мәлімет тегі қате. ♦Her behaviour is simply unacceptable. – Оның жүріс-тұрыс тегі болмайды. ♦I haven't seen her for simply ages. – Оны тегі талай жыл көрмеппін. 5.қысқасы, турасын айтқанда, төтесінен қойғанда ♦He was loud, vulgar and arrogant - quite simply the rudest man I've ever met! – Ол гүрілдей сөйлеген, анайы, кежір неме екен – қысқасы, бұндай дөкірді көрмеппін!