simulate [ˈsɪmjuleɪt] v 1. ∼ smth ұқсас жағдай жасау, симуляциялау (симулировать) ♦Computer software can be used to simulate conditions on the seabed. – Компьютерлік программаны теңіз түбіндегідей жағдай жасауға пайдалануға болады. ♦Role-playing is a useful way of simulating real-life situations. – Рөл ойнау күнделікті тіршіліктегідей жағдай жасаудың тиімді жолы. ♦The device simulates conditions in space quite closely. – Жабдық ғарыштағыдай/ космостағыдай жағдайларды өте ұқсас ете жасайды. 2. ∼ smth ұқсату, ұқсата жасау ♦a gas heater that simulates a coal fire – көмір пешке ұқсата жасаған газ ошақ 3. ∼ smth (пәлендей) болғансу, бола қалу, қылымсу (syn: feign) ♦I tried to simulate surprise at the news. – Хабарды естіп таңғалғансыдым.