since [sɪns] A.prep 1. (пәлен уақыттан, тб) бері, бастап ♦She's been off work since Tuesday. – Ол сейсенбіден (бері/ бастап) жұмыста жоқ. ♦We've lived here since 2006. – Бұнда 2006(-ншы) жылдан (бері) тұрамыз. ♦I haven't eaten since breakfast. – Таңғы астан бері тамақ ішпедім. ♦He's been working in a bank since leaving school. – Ол банкте мектеп бітіргелі бері істейді. ♦‘They've split up.’ ‘Since when?’ – «Олар айырылысып кетіпті». «Қашаннан бері?» ♦That was years ago. I've changed jobs since then. – Бұл талай жыл бұрын болған. Содан кейін/ Содан бері біраз жерде істедім. 2. ∼ when? ашуды білдіреді ♦Since when did he ever listen to me? – Ол мені қашан тыңдап еді? B.conj 1. (пәлен уақыттан, тб) бері, бастап ♦Cath hasn't phoned since she went to Berlin. – Берлинге кеткелі бері Кәт телефон шалған емес. ♦It was the first time I'd had visitors since I'd moved to London. – Бұл Лондонға көшіп келгелі бері маған алғаш рет қонақ келуі еді. ♦It's twenty years since I've seen her. – Оны көрмегелі жиырма жыл болыпты. ♦How long is it since we last went to the theatre? – Соңғы рет театрға қашан барып едік? ♦She had been worrying ever since the letter arrived. – Хат келгелі бері ол уайымдап жүрген. 2.себепті, сондықтан, (с)өйткендіктен ♦We thought that, since we were in the area, we'd stop by and see them. – Сонда келгендігімізден оларға кіріп шығамыз деп ойлағанбыз. C.adv (пәлен уақыттан, тб) бері, бастап ♦She moved to Kazakhstan in 1997 and has been living in Almaty ever since. – Ол 1997 жылы Қазақстанға көшіп, содан бері Алматыда тұрып жатыр. ♦He left home two weeks ago and we haven't heard from him since. – Ол үйден екі апта бұрын кеткен, содан бері ол туралы естімедік. ♦The original building has long since been demolished. – Бұрынғы үй-жай баяғыда сүрілген. ♦We were divorced two years ago and she has since remarried. – Екі жыл бұрын ажырасқанбыз, содан бері ол үйленіп алды.