sing [sɪŋ] A.n ән/ өлең айту/ шырқау(шылық) ♦Let's have a sing. – Ән шырқалық. B.v (pt sang [sæŋ], pp sung [sʌŋ]) 1. ән/ өлең айту/ шырқау ♦I just can't sing in tune! – Даусымды ырғаққа сала алмай жатырмын. ♦I always wanted to be on stage, singing and dancing. – Ылғи сахнада болғым келген, ән айтып, би билеп. ♦I was invited to sing in a choir. – Мені хорда ән айтуға шақырды. ♦∼ smth to sing a hymn/an anthem – гимн айту ♦Now I'd like to sing a song by the Beatles. – Енді «Биттлздің» бір әнін айтқым келеді. ♦∼ smb smth Will you sing us a song? – Бізге бір ән айтып бересің бе? ♦∼ smb to sleep She sang the baby to sleep. – Ол сәбиді ұйықтату үшін әлдиледі/ бесік жырын айтты. 2. (құстар ж) сайрау, шырқау ♦The birds were singing outside my window. – Тереземнің сыртында құстар сайрап жатты. ♦Every bird in the field was singing its heart out. – Алқаптағы әр құс құйқылжыта шырқап жатты. 3.шыңылдау, ышылдау, ысқыру, зыңылдау ♦Bullets sang past my ears. – Оқтар құлақ тұсымнан ысқырып (өтіп) жатты. ♦She felt faint and the blood was singing in her head. – Ол есінен танып, қан қысымынан басы шыңылдап жатты. ♦The kettle was singing away on the stove. – Шәугім пеште ышылдап жатты. 4. (idm) *it’s not over until the fat lady sings [қ-з: fat (А4)] *sing a different tune «ырғағын өзгерту», пікірін/ көзқарасын өзгерту *sing from the same hymn/song sheet (BrE, informal) бір/ ортақ пікірде болу *sing smb's praises өте мақтау, асыра мақтау ♦She's always singing his praises. – Ол оны мақтайды да жүреді. 5. (phr v) *sing along (with smb/smth) | sing along (to smth) (біреуге) қосыла ән айту ♦Do sing along if you know the words. – Сөзін білсең, қосылып айт. ♦She loves singing along to the radio. – Ол радиоға қосылып ән айтқанды жақсы көреді. *sing of smth (old-fashioned or formal) (бірн-ні, тб) әнге жырға қосу ♦Poets used to sing of such heroic deeds. – Ақындар бұндай ерліктерді жырлайтын/ жырға қосатын. *sing out a) ән/ өлең айту; (бірн-ні) анық, дауыстап айту ♦A voice suddenly sang out above the rest. – Кенет дауыстай сөйлеген (бір) үн естілді. b) (NAmE) (BrE sing up) дауыстай/ қатты(рақ) айту ♦Sing out, let's hear you. – Дауыстай айтсаңшы, естиік те.