single [ˈsɪŋɡl] A.adj 1.жалғыз, жаңғыз, жалқы, бір ғана, тек бір(еу) ♦He sent her a single red rose. – Ол оған тек бір раушан/ роза гүлін жіберіпті. ♦a single-sex school – тек ұлдарға я қыздарға арналған мектеп ♦All these jobs can now be done by one single machine. – Осы жұмыстың бәрін енді бір ғана машина істей алады. ♦We won by a single point. – Ол бір ұпаймен ғана (бір ұпай артық алып қана) ұтты. ♦They cloned a lamb from a single cell taken from an adult sheep. – Олар үлкен қойдан алған жалғыз/ бір ғана клеткадан қозы клондады. ♦the European single currency, the euro – Европаның жалғыз ақшасы/ ортақ валютасы – евро ♦It was the work of a single individual. – Біл бір ғана кісінің жұмысы еді. ♦The statue was carved out of a single piece of wood. – Мүсінді тұтас бір ағаштан ойып жасаған. ♦You can switch between the single player and the multiplayer games. – Бір кісілік не көп кісілік ойындар арасында ауысып отырсаң болады. 2.бір кісілік, бір адамға ғана арналған ♦a single room – бір кісілік бөлме ♦The jail housed 860 prisoners in single cells. – Түрмеде 860 жаза өтеушіге арналған бір кісілік камера болды. ♦a single sheet – бір кісілік төсекке арналған тыс/ жайма 3.бойдақ, үйленбеген, жалғызбасты ♦a single person/woman/man – жалғызбасты/ бойдақ адам/ әйел/ еркек ♦The apartments are ideal for single people living alone. – Пәтерлер жалғызбасты адамдарға ыңғайлы. ♦Are you still single? – Әлі үйленбегенсің бе? 4. (BrE) (also one-way) бір бағыттағы билет, тб ♦a single ticket - бір бағыттағы билет ♦How much is the single fare to Glasgow? – Глазгоға дейін бір бағыттағы билет қанша тұрады? 5.нығарлай/ қадай айтқанда қолд ♦Unemployment is the single most important factor in the growing crime rates. – Өсе түсіп отырған қылмыс деңгейіндегі жалғыз ғана ірі фактор – жұмыссыздық. ♦We eat rice every single day. – Күн сайын күріш жейміз. ♦Every single one of her so-called friends had turned their backs on her. – Оған дос дегендердің қайсысы болсын оған ту сыртын берді. ♦I couldn't understand a single word she said! – Оның бір де сөзін ұқпадым! 6. (idm) *at a (single) glance [қ-з: glance (В2)] ♦She is able to take in complex information at a single glance. – Ол бір қарап-ақ күрделі мәліметті ұға алады. *at/in a single go | at a/one go (BrE) бірден, бір талпынғаннан-ақ ♦She blew out the candles in a single go. – Ол май шамдарды бір үрлеп өшірді. *(in) single file (also old-fashioned (in) Indian file) [қ-з: file (А6)] B.n 1. (BrE) «жалқы билет», бір бағыттағы билет, бір жаққа қарай билет ♦How much is a single to York? – Йоркке дейін бір бағыттағы билет қанша тұрады? ♦I got a single to Birmingham. – Бирмингемге дейін жалқы билет алдым. 2.бір кісілік бөлме ♦Singles are available from £50 per night. – Бір кісілік бөлмелер бір түнге £50 тұрады. 3. ∼s бойдақ, үйленбеген, жалғызбасты ♦They organize parties for singles. – Олар бойдақтарға арнап жиын-той(лар) ұйымдастырады. ♦a singles bar/club – бойдақтар бары/ клубы 4. сиңгл ( бір ән ғана жазылған CD, тб) ♦The band releases its new single next week. – Муз-қ топ өзінің жаңа сиңглін келесі аптада шығарады. ♦Her catchy debut single was a hit. – Оның баурап алатын алғашқы сиңглі хит болды. ♦This is a single from their album ‘Magic’. – Бұл олардың ‘Magic’ альбомынан алынған сиңгл. 5. (NAmE) бір долларлық банкнот 6. ∼s (теннисте, тб) жекпе-жек, бірге-бір, сиңгл (бір ойыншы екінші біреуіне қарсы ойнайтын ойын, яғни, дабл/ екі-екіден/ жұп емес) ♦the women’s singles champion – әйелдер арасында чемпион C.v (phr v) *single smb/smth out (for smth/as smb/smth) (көп адамның ішіндегі) біреуге ерекше көңіл бөлу не ерекше шүйлігу, даралау ♦She was singled out for criticism. – Оның өзін ғана сынады. ♦He was singled out as the outstanding performer of the games. – Ойындардағы дара ойыншы деп оған ерекше көңіл бөлді. ♦It would be wrong to single out individuals when so many people contributed. – Талай адам үлес қосқанда кейбіреулерді ғана мақтаған дұрыс болмайды.