sink [sɪŋk] A.v (pt sank [sæŋk], pp sunk [sʌŋk]) 1.бату, шөгу ♦The ship sank to the bottom of the sea. – Кеме теңіз түбіне батты/ шөкті. ♦∼ into smth The wheels started to sink into the mud. – Дөңгелектер балшыққа бата бастады. ♦The little boat sank beneath the waves. – Кішкентай қайық толқын астында қалды. ♦The battleship was sunk by a torpedo. – Ұрыс кемесіне торпедо тиіп батты. ♦The sun was sinking in the west. – Күн батыста батып бара жатты. ♦The sun had sunk below the horizon. – Күн көкжиектен төмен батты. ♦The foundations of the building are starting to sink. – Үй-жайдың фундаменті шөге бастады. ♦(ауысп мағ) The pound has sunk to its lowest recorded level against the dollar. – Фунт долларға шаққанда бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін түсті. ♦(ауысп мағ) He is clearly sinking fast. – Халі тез нашарлап барады. 2.отыра кету, отыру, шөгу (syn: collapse) ♦I sank into an armchair. – Креслоға басыла отырдым. ♦She sank back into her seat, exhausted. – Қалжыраған ол өз орнына қайта отырды. ♦The old man had sunk to his knees. – Қарт тізерледі. 3.бәсеңдеу, тыныш бола бастау (syn: fade) ♦Her voice sank to a whisper. – Даусы бәсеңдеп сыбырлай бастады. 4. ∼ smth (құдық, тб) қазу, ою, бұрғылау (syn: drill) ♦to sink a well/shaft/mine – құдық/ шахта/ кен қазу 5. ∼ smth қазып орнату ♦to sink a post into the ground – жерге баған қазып орнату 6. ∼ smth/smb (informal) біреуді «батыру», қиын жағдайға душар ету ♦I think I've just sunk my chances of getting the job. – Жұмысқа тұрмақ мүмкіндікті жіберіп алдым-ау. ♦If the car breaks down, we'll be sunk. – Машина бұзылса, құрыдық. 7. ∼ smth (BrE, informal) (арақ-шарапты, тб) сіміру, жұту ♦They sank three pints each in 10 minutes. – Бас-аяғы он минутта әрқайсысы бір жарым литр (сыра) ішіп тастады. 8. (idm) *be sunk in smth көңілі құлазу; терең ойға шому ♦She just sat there, sunk in thought. – Ол анда ойға батты да отырды. *(like rats) deserting/leaving a sinking ship [қ-з: rat (А2)] *smb’s heart sinks [қ-з: heart (8)] *sink your differences келіспеушіліктерін ұмыту ♦We need to sink our differences and present a united opposition to the plan. – Келіспеушіліктерімізді ұмытып, жоспарға бірлесе қарсы тұруымыз керек. *a/that sinking feeling (informal) жайсыз сезім ♦I had a horrible sinking feeling when I saw the ambulance outside the house. – Тыста жедел жәрдемді көргенде сең соққандай болдым. *sink or swim «бат не жүз», табысқа жет не құры ♦The new students were just left to sink or swim. – Жаңа студенттер тығырыққа тірелді. ♦In a situation like this, you either sink or swim. – Бұндай жағдайда не батасың, не жүзесің. *sink so low | sink to smth [қ-з: low (В5)] *sink/stoop to a new/an all-time low азғындау, соншама жаман күйге түсу ♦The government has stooped to an all-time low with this policy. – Бұл жоспармен үкіметте тегі сүйкім қалмады. ♦Reality TV has sunk to new lows. - Reality TV бұрынғыдан бетер азғындады. 9. (phr v) *sink in a) (also sink into smth) (сұйық ж) сіңу ♦The rain sank into the dry ground. – Жауын құрғақ жерге сіңіп кетті. b) (сөз, оқиға, тб ж) ұғу, аңдау ♦He paused to allow his words to sink in. – Ол сөздерімді ұқсын деп кідірді. ♦The full scale of the disaster has yet to sink in. – Апаттың ауқымы әлі белгісіз. *sink into smth белгілі бір күйге бату ♦She sank into a deep sleep. – Ол терең ұйқыға кетті/ батты. ♦He sank deeper into depression. – Ол торығу шырмауына орала түсті. *sink into smth | sink smth into smth тісін/ тырнағын батыру, үшкір нәрсені кіргізу ♦I felt her nails sink into my wrist. – Білезік тұсыма оның тырнақтарының қадалғанын сездім. ♦The dog sank its teeth into my leg. – Ит аяғымды қауып алды. *sink smth into smth ақша жұмсау/ инвестициялау ♦We sank all our savings into the venture. – Бар ақшамызды кәсіпке жұмсадық. B.n 1. (кухнядағы) ыдыс жуар, ыдыс жуатын орын, раковина ♦Don't just leave your dirty plates in the sink! – Кір табақтарыңды/ тарелкаларыңды ыдыс жуарда қалдырма. ♦I felt chained to the kitchen sink. – Өзімді табақ жуғыш малай сияқты сезіндім. 2. (also washbowl, basin, washbasin) қол жуғыш 3. (idm) *everything but the kitchen sink [қ-з: kitchen (2)] C.adj (BrE) кедей/ нашар аудан/ жер/ тұс ♦the misery of life in sink estates – кедей үй-жайлардағы күйзелген тіршілік ♦a sink school – нашар мектеп