sit

sit [sɪt] v (pt, pp sat [sæt]) 1.отыру ♦She sat and stared at the letter in front of her.Ол отырып, алдындағы хатқа қарады. May I sit here? – Бұнда отырсам бола ма? Don't just sit there - do something! – Құры отырмай, бірдеңе істесеңші! Just sit still! – Әшейін тыныш отыр! He went and sat beside her. – Ол барып, оның қасына отырды.the man who had sat next to me on the plane – самолетте қасымда отырған кісі She was sitting at her desk. – Ол өз столында отырған. She always sits in that chair. – Ол ылғи сол орындықта отырады. Four people sat around the table. – Столды айнала төрт адам отырды. We sat talking for hours. – Талай сағат әңгімелесіп отырдық. 2. ∼ smb (біреуді) отырғызу ♦He lifted the child and sat her on the wall. – Ол сәбиді көтеріп, қабырғаға отырғызды. She sat him down in front of the fire with a hot drink. – Ол оған ыстық сусын беріп оттың алдына отырғызды. 3.орналасу, тұру; (киім ж) қону, жарасу ♦A large bus was sitting outside. – Тыста үлкен автобус тұрды. The pot was sitting in a pool of water. – Кәстрөл көлкіген су ішінде еді. I have an exercise bike just sitting at home not being used. – Велотренажерім үйде әшейін (қаңтарылып) тұр. The jacket sat beautifully on her shoulders. – Жакет оның иығына қона кетті. The box sat unopened on the shelf. – Жәшік сөреде ашылмаған күйі тұрды. 4.ресми қызметте болу ♦∼ as smth He was sitting as a temporary judge. – Ол уақытша судья ретінде істеді. They both sat as MPs in the House of Commons. – Екеуі де Қауымдар палатасында депутат болған. ♦∼ in/on smth She sat on a number of committees. – Ол бірнеше комитетке мүше болған. ♦∼ for smth For years he sat for Henley. – Талай жыл ол Һенли округінен депутат болған. 5. (парламент, комитет, сот, тб ж) жиналыс өткізу, жиналу ♦Parliament sits for less than six months of the year. – Парламент жылына алты айдан кем жиналады. 6. (rather formal) (BrE) емтихан/ сынақ тапсыру ♦∼ smth Candidates will sit the examinations in June. – Кандидаттар маусым айында емтихан тапсырады. Most of the students sit at least 5 exams. – Студенттердің көбі кемінде бес емтихан тапсырады. ♦(especially NAmE) ∼ for smth He was about to sit for his entrance exam. – Ол оқуға түсу емтиханын тапсыруы керек болған. 7. (құс ж) (бұтада, тб) қонақтау, қонақтап отыру, қонып отыру; ұяда отыру 8. (ит ж) отыру ♦Rover! Sit! – Ровер! Отыр! 9. (especially NAmE) (also babysit) ∼ (for smb) біреудің баласына қарау ♦Who's sitting for you? – Бала(лары)ңа кім қарауда? 10. (idm) *be sitting pretty [қ-з: pretty (А3)] *rest/sit on your laurels [қ-з: laurel (3)] *sit at smb’s feet «біреудің аяғының қасында отыру», біреуге сүйсіну, біреуден үйренуге тырысу *sit/stand bolt upright тіп-тік тұру, қасқия тұру *sit comfortably, easily, well, etc. (with smth) белгілі бір орынға не жағдайға дұрыс/ орынды болу ♦His views did not sit comfortably with the management line. – Оның көзқарасы басқарманың пікірімен қабыспады. *sit in judgement (on/over/upon smb) біреу жөнінде орынсыз сөз ету ♦How dare you sit in judgement on me? – Мен жайлы сөз айтатын не хақың бар? *sit on the fence «шарбақта/ қашада отыру», (бір істен) жалтару, қашқақтау, қашу ♦He tends to sit on the fence at meetings. – Жиналыс кезінде ол бұғынып отырады. *sit/stand silently by [қ-з: silently (2)] *sit tight қозғалмау, тапжылмау ♦We sat tight and waited to be rescued. – Тапжылмай, құтқаруды күттік. ♦(ауысп мағ) Shareholders are being advised to sit tight until the crisis passes. – Акционерлерге кризис/ дағдарыс біткенше (ешбір әрекетсіз) күтіңіздер деуде. 11. (phr v) *sit around/about ​(often disapproving) құры/ бекер отыру/ болу ♦I'm far too busy to sit around here. – Жай отыруға қолым тимейді. ♦∼ around/about doing smth He just sits around watching TV. – Ол телевизор көреді де отырады. *sit back a) орындықта, тб бейқам отыру ♦He sat back in his chair and started to read. – Ол орындығына отырып, оқи бастады. b) бейқам күйде болу, алаңдамау, уайымдамау ♦She's not the kind of person who can sit back and let others do all the work. – Ол басқаларға істетіп қойып, қарап отыратын адам емес. How can you sit back and watch him suffer? – Ол қиналып жатқанда қалай ғана қарап отырасың? *sit by (теріс бірн-ң алдын алу үшін) қимылдамау, қозғалмау ♦We cannot just sit by and watch this tragedy happen. – Қайғы-қасіретке жол беріп қойып, (әншейін) қарап отыра алмаймыз. *sit down | sit yourself down ​(орынға) отыру ♦Please sit down. – Отырыңыз. He sat down on the bed. – Ол төсекке отырды. They sat down to consider the problem. – Олар отырып, мәселені қарады. Come in and sit yourselves down. – Келіп, отырың(ыз)дар. *sit down and do smth дұрыстап ойланып, іске кірісу ♦This is something that we should sit down and discuss as a team. – Бұл – біз топ ретінде отырып, талқылайтын мәселе. *sit for smb/smth суретші не фотограф үшін модель болу, соларға суретін салдыру я түсіру ♦to sit for your portrait – (өзі отырып) суретін салдыру She sat for Augustus John. – Ол өзін Аугустус Джонға салдырған. *sit in for smb біреудің орнына істеу/ болу (syn: stand in (for smb)) *sit in on smth (жиналысқа, сабаққа) қатысу ♦I was allowed to sit in on an executive meeting. – Оған басқарма жиналысына қатысуға рұхсат етті. *sit on smth ​(informal) хатқа, тб жауап бермеу ♦They have been sitting on my application for a month now. – Бір ай болды, олар өтінішіме әлі жауап бермеді. *sit smth out қозғалмау, араласпау, тапжылмай күту ♦We sat out the storm in a cafe. – Дауыл басылғанша кафеде отырдық.I think I’ll sit this one out. – Бұған араласпай отыра тұрайын. *sit through smth біткенше/ аяғына дейін отыру ♦We had to sit through nearly two hours of speeches. – Екі сағат баяндамалар тыңдауымызға тура келді. *sit up a) (жатқан жерінен түрегеліп) отыру ♦Do you feel well enough to sit up yet? – (Түрегеліп) отыра аласың ба? Sit up straight - don't slouch. – Қисаймай дұрыс(тап) отыр(ғын). She slowly sat up and looked around. – Ол түрегеліп отырды да жан-жағына қарады. b) ұзақ уақыт ұйықтамау, (төсекке) жатпау ♦We sat up half the night, talking. – Түннің бір уағына дейін әңгімелесіп отырдық. *sit up (and do smth) ​(informal) көңіл бөлу/ қою/ бұру, назар аудару ♦The proposal had made his clients sit up and take notice. – Ұсынысқа клиенттер көңіл қойды. *sit smb up (жатқан жерінен түрегелтіп) отырғызу