sketch [sketʃ] A.n 1.кескін, сызба ♦The artist is making sketches for his next painting. – Суретші өзінің келесі картинасының кескіндерін/ сызбаларын жасауда. ♦She drew a sketch map of the area to show us the way. – Ол бізге жол көрсету үшін сол тұстың картасын қолмен сызды. 2. (театрдағы, телеарнадағы, тб) күлдіргі көрініс, скетч ♦The drama group did a sketch about a couple buying a new car. – Драма тобы машина сатып алып жатқан ерлі-зайыпты жөнінде күлдіргі көрініс қойды. 3.қысқа(ша) дерек ♦a biographical sketch of the prime minister – премьер-министрдің өмірбаяны жайлы қысқаша мәлімет B.v 1. ∼ (smb/smth) кескін салу, кескіндеу, сызба жасау ♦He quickly sketched the view from the window. – Терезеден ол тез арада көріністі кескіндеді. 2. ∼ smth (out) жалпы(лама)/ қысқа/ үстіртін суреттеу/ түсіндіру (syn: outline) ♦She sketched out her plan for tackling the problem. – Ол мәселемен қалай айналыспақ екенін жалпы айтып шықты. 3. (phr v) *sketch smth in толығырақ айту/ хабарлау ♦You need to sketch in his character a little more. – Оның мінезі жайлы толығырақ айтуыңыз керек.