skin [skɪn] A.n 1.тері ♦to have dark/pale skin – терісі бидайөңді/ боз болу ♦skin colour/tone – тері өңі/ сапасы ♦to have dry/oily skin – терісі құрғақ/ майлы болу ♦The snake sheds its skin once a year. – Жылан жылына бір рет түлейді. 2.терісі пәлендей ♦dark-skinned – қараторы ♦fair-skinned - аққұба 3.тері (жануардың); былғары ♦The skins are removed and laid out to dry. – Терілерін сыпырып алып, кептіреді. ♦animal skins – аң терілері ♦a tiger-skin rug – жолбарыс терісі төсеніші ♦∼ of smth They would wear the skins of animals they had killed. – Олар өздері өлтірген аңдардың терісін жамылған. 4. тері, қабық, сырт (кейбір жемістің) ♦Remove the skins by soaking the tomatoes in hot water. – Помидорларды ыстық суға салып, сыртын/ терісін аршы. ♦a chemical found in the skin of grapes – жүзім терісінде/ сыртында ұшырасатын химикат 5.сырт, қабық (сосисканың) ♦Prick the skins before grilling. – Отқа қақтамас бұрын сосисканың қабығын тіл. 6.сұйықтық бетіне тұрған май/ қоймалжың ♦A skin had formed on the top of the milk. – Сүттің бетіне кілегей тұрыпты. ♦She skimmed the skin off the cocoa. – Ол какао бетіндегі майды кілкіп алды. 7.қабық, сырт, сыртқы қабат ♦the outer skin of the earth – жердің қабығы ♦the metal skin of the aircraft – самолеттің металл сырты 8. (also wrap) (электрон құралдарға арналған) қап ♦Do phone skins protect your phone? – Қаптар телефоныңды қорғай ма? ♦The skin has a clear protective layer. – Қаптың мөлдір қорғаныш қабаты бар. 9. (computing) интерфейс 10. (idm) *by the skin of your teeth (informal) әрең/ әзер дегенде ♦He escaped defeat by the skin of his teeth. – Ол жеңілістен әзер дегенде аман қалды. *get under smb’s skin (informal) біреудің мазасын алу, ығырын шығару ♦Don't let him get under your skin. – Оған мазаңды алғызба. *have got smb under your skin (informal) біреуге соншама үйір болу *it’s no skin off my, your, his, etc. nose (informal) маған/ саған/ оған бәрібір, себебі келіп-кетер ештеңе жоқ дег мағ *jump out of your skin [қ-з: jump А(13)] *make your skin crawl зәресі ұшу, шошу ♦Just the sight of him makes my skin crawl. – Оның көргенде-ақ шошимын. *save your (own) skin/hide/neck (жаланы басқаларға жауып) өзін ақтап алуға тырысу ♦To save his own skin, he lied and blamed the accident on his friend. – Өзін ақтау үшін ол өтірік айтып, оқиға үшін жаланы досына жапты. *(nothing but/all/only) skin and bone (informal) сидиған арық, құры сүйегі мен терісі ғана ♦He's all skin and bone after his illness. – Аурудан соң оның құры сүлдері ғана қалыпты. *a thick skin «терісі қалың», сынға/ ащы сөзге мызғымайтын (opp: a thin skin) *a thin skin «терісі жұқа», сезімтал, сын көтермейтін (opp: a thick skin) ♦You shouldn’t be in politics if you have such a thin skin. – Терің жұқа болса, саясаттан аулақ жүр. B.v 1. ∼ smth аңның терісін сыпыру/ сыдыру; қабығын/ сыртын/ терісін аршу ♦You'll need four ripe tomatoes, skinned and chopped. – Бізге піскен, сыртын аршып, тураған төрт помидор керек. ♦We learnt how to trap and skin a rabbit. – Біз қоянды тұзаққа түсіруді, терісін сыдыруды үйрендік. 2. ∼ smth (байқамай) терісін/ үстін сырып алу ♦He skinned his knees climbing down the tree. – Ол ағаштан түсіп келе жатып, тізесін сырып алды. 3. (computing) ∼ smth интерфейсті өзгерту 4. (idm) *keep your eyes skinned/peeled (for smb/smth) [қ-з: peel (А5)] *there’s more than one way to skin a cat (saying, humorous) табысқа жетудің түрлі жолы бар 5. (phr v) *skin up (BrE, informal) темекінің ішіне марихуана (есірткі) салу