slap [slæp] A.v 1. ∼ smb/smth шапалақпен ұру/ салу; (алақанмен) қағу (syn: smack) ♦She slapped his face hard. – Ол оның бетінен шапалақпен салып жіберді. ♦‘Congratulations!’ he said, slapping me on the back. – «Құтты болсын!» деді ол арқамнан қаға. 2. ∼ smth қоя/ тастай салу, тб ♦He slapped the newspaper down on the desk. – Ол газетті столға тастай салды. ♦She slapped a $10 bill into my hand. – Ол он долларды уысыма сала салды. 3.шуылдата соққылау, тб ♦The water slapped against the side of the boat. – Су қайықтың бүйіріне шолпылдап жатты. ♦I could hear bare feet slapping down the corridor. – Жалаң аяқтардың коридормен салпылдап бара жатқанын естідім. 4. (phr v) *slap smb around (also slap smb about especially BrE) (informal) ылғи ұрып-соғу ♦Her ex-husband used to slap her around. – Бұрынғы күйеуі оны ылғи ұрып-соғатын. *slap smb/smth down (informal) біреуді жөнсіз ұрсу/ сынау, жөнсіз шүйлігу ♦Anyone who dared to complain was immediately slapped down. – Шағым айтқандар бірден жаманатты болатын. *slap smth on smb/smth (informal) аяқ астынан бұйыру; зіркілдей бұйыру ♦The company slapped a ban on using email on the staff. – Компания қызметкерлеріне имейл қолдануға тыйым салып тастады. *slap smth on smth (informal) бағаны көтеріп жіберу ♦They've slapped 50p on the price of a pack of cigarettes. – Олар темекінің әр қорабына 50 пенс қосып тастаған. *slap smth on smth | slap smth on апыл-ғұпыл жағу/ сылау, тб ♦Just slap some paint on the walls and it'll look fine. – Қабырғаны сырлап жібер, дұрыс болады. ♦I'd better slap some make-up on before I go out. – Шықпас бұрын бетіме опа жаға салайын. B.n 1. шапалақпен ұру/ салу; (алақанмен) қағу ♦She gave him a slap across the face. – Ол оны бетінен шапалақпен салып қалды. ♦He gave me a hearty slap on the back. – Ол арқамнан жақын тарта қақты. ♦(ауысп мағ) the gentle slap of water against the shore – судың жағаға жұмсақ шолпылы ♦(ауысп мағ) He hit the water with a resounding slap. – Ол гүрс ете суға түсті. 2. (BrE, informal) косметика, опа 3. (idm) *slap and tickle (BrE, old-fashioned, informal) ғашықтардың бірін-бірі өбіп, қытықтауы *a slap in the face «бетке ұрған шапалақ», қорлық, намысына тиетін/ абыройын аяқасты ететін әрекет ♦The closure of the school is a slap in the face to the local community. – Мектептің жабылуы - жергілікті қауымды қорлау. *a slap on the wrist (informal) «білегінен салып қалу», ескерту; жеңіл жаза ♦We're hoping that she gets off with a slap on the wrist from the judge. – Судьядан ол жеңіл жазамен құтылар деп үміттенеміз. C.adv (also ∼ bang) (informal) 1.тіке, тура, жұлқына ♦Storming out of her room, she went slap into Luke. – Бөлмесінен атып шығып, ол Лүкке жетіп барды. 2.нақ, дәл, дәп, дөп, қақ ♦Their apartment is slap bang in the middle of town. – Олардың пәтері кенттің қақ ортасында.