slate [sleɪt] A.n 1. (жұқа қабаттарға тез ажырайтын) тақтатас (сланец) ♦a slate quarry – тақтатас карьері (қазып алатын жер) ♦The sea was the colour of slate. – Теңіздің түсі тақтатастай (сұр) еді. 2. (шатырды жабатын) тақтатас ♦A loose slate had fallen from the roof. – Төбеден бір тақтатас босап, құлап түскен. 3. (NAmE) сайлаудағы кандидаттар тізімі ♦a slate of candidates – кандидаттар тізімі ♦the Democratic slate – дем-қ партия кандидаттары тізімі 4. (бұрын балалар үстіне бормен жазатын) раманың ішіне салған тақтатас 5. (idm) *a blank canvas/slate табысты бола алатын адам; пайдалы бола алатын нәрсе ♦The building is a blank canvas for an clever investor to potentially make a lot of money. – Ақылды инвестор болса, үй-жайдан талай пайда түсіре алады. *a clean slate/sheet [қ-з: sheet (7)] *wipe the slate clean өткен ренішті ұмытып, жаңа қарым-қатынас бастау B.v 1. ∼ smb/smth (for smth) (BrE) сынау, сынға алу ♦to slate a book/play/writer – кітапты/ пьесаны/ жазушыны сынау 2.жоспарлау ♦be ∼d for smth The houses were first slated for demolition five years ago. – Бұл үйлерді алғаш рет бес жыл бұрын сүріледі деп жоспарлаған болатын. ♦The next conference is slated for July. – Келесі конференция шілдеге жоспарланған. 3. (especially NAmE, informal) біреуді бір жұмысқа ұсыну не тағайындау ♦be ∼d for smth I was told that I was being slated for promotion. – Маған жұмыста жоғарылайтынымды айтты. ♦be ∼d to do smth He is slated to play the lead in the new musical. – Оны мюзиклдегі басты рөлге таңдады.