sleep [sliːp] A.v (pt, pp slept [slept]) 1.ұйықтау ♦Let her sleep - it'll do her good. – Ұйықтасын – тынықсын. ♦to sleep well – жақсы ұйықтау ♦to sleep deeply/soundly/peacefully/badly – терең/ шуылдай/ тыныш/ нашар ұйықтау ♦I couldn't sleep because of the noise. – Шудан ұйықтай алмадым. 2. ∼ smb пәлен адамға арналған төсек болу, пәлен кісілік болу ♦The apartment sleeps six. – Пәтерге алты кісі сыяды. ♦The hotel sleeps 120 guests. – Қонақ үй – 120 кісілік. 3. (idm) *breathe/rest/sleep easy [қ-з: easy (B2)] *let sleeping dogs lie (saying) «ұйқыдағы ит жата берсін», бұрын болған жайсыз нәрсені еске салмау *live/sleep rough [қ-з: rough (D2)] *not get/have a wink of sleep | not sleep a wink көзін іліндіре алмау, ұйықтай алмау ♦I didn't get a wink of sleep last night. – Түнде көзімді іліндіре алмадым. ♦I hardly slept a wink. – Ұйықтамадым десе(м) де болады. *sleep like a log/baby (informal) тырп етпей ұйықтау *sleep tight (informal) жақсы ұйықта ♦Goodnight, sleep tight! – Түн жақсы болсын, жақсы ұйықта! 4. (phr v) *sleep around (informal, disapproving) көп адаммен жыныс қатынасына түсу *sleep in (ұйқысы қанса да) тұрмай жату *sleep smth off ұйықтап тынығу/ есін жию ♦Let's leave him to sleep it off. – Ұйықтап, есін жисын. *sleep on smth (informal) келесі күнге дейін ойлану ♦Could I sleep on it and let you know tomorrow? – Ойланып, саған ертең айтсам қалай болады? *sleep over біреудің үйінде қону/ түнеу/ жату ♦It's very late now - why don't you sleep over? – Тым кеш болды – осында жата салсаңшы? ♦Can I sleep over at my friend's house? – Досымның үйінде қонсам бола ма? *sleep together | sleep with smb (informal) біреумен ұйықтау/ жыныс қатынасына түсу, төсектес болу ♦Everyone knows she sleeps with the boss. – Оның бастығымен төсектес екенін кім де болсын біледі. B.n 1.ұйқы; ұйықтау ♦I need to get some sleep. – Біраз ұйықтап алуым керек. ♦Go to sleep - it's late. – Жатсаңшы – кеш болды ғой. ♦His talk nearly sent me to sleep. – Оның әңгімесінен ұйықтап қала жаздадым. ♦Did you have a good sleep? – Жақсы ұйықтадың(ыз) ба? ♦Ros fell into a deep sleep. – Рос терең ұйқыға кетті. 2. (informal) (көздегі) былшық ♦Ned rubbed the sleep from his eyes. – Ол көзіндегі былшығын уқалады. 3. (idm) *be able to do smth in your sleep (informal) ұйықтап жатып істеу, бірн-ге өте шебер болу ♦I haven’t done many portraits, but I could paint landscapes in my sleep. – Көп портрет салған емеспін, ал ландшафтарды (табиғат көріністерін) ғой ұйықтап жатып саламын. *go to sleep (informal) денесінің бір мүшесін сезбей қалу, жан кетіп қалған сияқты болу ♦My foot’s gone to sleep. – Аяғымды сезбей қалдым./ Аяғымнан жан кетіп қалды (яғни, қалған сияқты). *not get/have a wink of sleep | not sleep a wink [қ-з: sleep (А3)] *not lose sleep/lose no sleep over smth бірн-е жайлы пәлендей уайымдамау ♦It's not worth losing sleep over. – Бұған бола уайымдап керегі жоқ. *put smb to sleep (informal) (операция алдында) анестезия беріп ұйықтату *put smth to sleep «ұйықтату», ауру не жаралы аңды дәрі беріп өлтіру ♦We had to have our dog put to sleep. – Итімізді ұйықтатуымызға тура келді.