slide [slaɪd] A.v (pt, pp slid [slɪd]) 1.сырғу, таю; сырғыту, тайғызу, тайдыру ♦As I turned left on a bend, my car started to slide. – Бұрылмада солға бұрылғанымда машинам тая бастады. We slid down the grassy slope. – Шөп өскен еңіспен төмен сырғып түстік. A plane slid off the runway in Denver on Sunday. – Жексенбіде самолет ұшып-қону жолағынан тайып шығып кеткен. The drawers slide in and out easily. – Тартпалар ішке-сыртқа оңай сырғиды. You can slide the front seats forward if necessary. – Алдыңғы орындықтарды алға сырғытса болады. The automatic doors slid open. – Автомат есіктер сырғи ашылады. 2.тез әрі тыныш/ білдіртпей/ суси қозғалу (syn: slip) ♦He slid into bed. – Ол төсекке зып ете күмп етті. She slid out while no one was looking. – Ешкім көрмей тұрған кезде ол тысқа білдіртпей шығып кетті. The man slid the money quickly into his pocket. – Кісі ақшаны қалтасына сусыта салды. He slid a shy look at Claire. – Ол Клейрге ұяла көз салды. 3. ∼ (from…) (to…) төмендау, азаю, құлдырау ♦Shares slid to a 10-year low. – Акциялар он жылда болмаған деңгейге төмендеді. 4. ∼ (down/into/towards smth) (бірте-бірте) құлдырау, азғындау, асқыну ♦The industry has slid into decline. – Өнеркәсіп/ Индустрия кері кете бастады. They were sliding towards bankruptcy. – Олар банкрот болуға ойысып бара жатқан. He got depressed and began to let things slide. – Ол есеңгіреп, ісіне салғырт қарай бастады. The economy is sliding rapidly downhill. – Экономика құлдырап бара жатқан. B.n 1. (презентация кезінде көрсететін, текст жазылған, бейнелері бар электрон(ды)) слайд, «сырғытпа» ♦Here's a slide showing target markets. – Бұл - көздеген рыноктарды көрсететін слайд. I'm still working on the slides for my presentation. – Презентацияма керек слайдтармен әлі айналысудамын. in/on a  Limit the amount of text on each slide. – Әр слайдтағы текст көлемін шекте. a slide presentation – слайд презентация 2.сырғанау, сырғу, таю (syn: skid) ¨Her car went into a slide. – Машинасы сырғанап кетті. a front wheel slide – алдыңғы дөңгелектің таюы 3.нашарлау, асқыну, кері кету, құлдырау, төмендеу ♦a downward slide in the price of oil – мұнай бағасының түсуі the team’s slide down the table – команданың кестеде төмендеуі talks to prevent a slide into civil war – азамат соғысын болдырмау келіссөздері The economy is on the slide. – Экономика тоқырауда. 4. (балалар сырғанап ойнайтын) сырғанақ ♦to go down the slide – сырғанақпен сырғанау 5. (таудағы) көшкін (syn: landslide) ♦I was afraid of starting a slide of loose stones. – Менің кесірімнен сусыма тастар көше бастай ма деп қорықтым. 6.слайд (проектор арқылы үлкен экранға түсіріп көруге болатын рамадағы фотография негативі) (syn: transparency) ♦a talk with colour slides – түрлі-түсті слайдтарды қолдана әңгімелеу 7. төсеніш шыны (микроскоптың) (предметное стекло микроскопа) 8. «сырғыма» (муз-қ аспаптың, тб сырғитын бөлігі) 9. = hairslide, barrette