slip [slɪp] A.v 1.таю, тайып кету, сырғып кету ♦She slipped and landed flat on her back. – Аяғы тайып кетіп, шалқасынан түсті. ♦As I ran up the stairs, my foot slipped and I fell. – Басқышпен жоғары жүгіргенімде, аяғым тайып кетіп, құладым. 2.тайып кету, сырғып кету, сусу, сусып кету ♦My hand slipped as I was slicing the bread and I cut myself. – Нанды тіліп жатқан кезде қолым тайып кетіп, қолымды кесіп алдым. ♦His hat had slipped over one eye. – Қалпағы бір көзіне қарай қисайып кетіпті. ♦The fish slipped out of my hand. – Балық қолымнан сусып шығып кетті. ♦(figurative) She was careful not to let her control slip. – Ол (істі) бақылауын уысынан шығарып алмауға тырысты. 3.білдіртпей/ байқатпай қозғалу (syn: creep) ♦She slipped out of the house before the others were awake. – Басқалар оянғанша, ол үйден шығып кетті. ♦I slipped away before the end of the performance. – Концерттік номер біткенше шығып кеттім. ♦(figurative) She knew that time was slipping away. – Уақыттың жылжып бара жатқанын ол ұқты. 4.тез әрі тыныш істеу ♦He slipped the letter back into its envelope. – Ол хатты кері конвертке сұға салды. ♦He beat three defenders before slipping the ball past the goalkeeper. – Ол үш қорғаушыны алдап өтіп, қақпашыдан өткізе допты сырғыта салды. ♦She slipped her head around the door. – Ол басын есіктен өткізе сұғып бір қарады. ♦He slipped the ring onto her finger. – Ол жүзікті оның саусағына кигізе салды. ♦They'd slipped some money to the guards. – Олар күзетшілерге біраз ақша ұстатқан. 5.төмендеу, түсу; асқыну, нашарлау ♦Standards have slipped in the last few years. – Кейінгі бірнеше жылда стандарттар түсіп кетті. ♦His popularity has slipped recently. – Кейінгі кездері оның танымалдығы азайды. ♦A defeat would see them slip down the rankings. – Жеңілсе, олардың деңгейі төмендейді. ♦Already the Conservatives are slipping in the polls. – Қазірдің өзінде сауалнамада консерваторлар сүрінуде. 6.ойысу, өту, сырғу, таю ♦He began to slip into debt. – Ол қарызға бата бастады. ♦The patient had slipped into a coma. – Науқас комаға түсіп кетті. ♦We seem to have slipped behind schedule. – Кестеден қалып қалған сияқтымыз. 7. (киім ж) тез шешу; тез кию ♦to slip into/out of a dress – тез көйлек кию/ шешу ♦to slip your shoes on/off – тез аяқ киім кию/ шешу ♦He slipped a coat over his sweatshirt. – Свитерінің үстінен үст киім кие салды. 8.босап кету; босатып жіберу ♦The ship had slipped its moorings in the night. – Түнде кеменің шынжыры шешіліп кеткен. ♦The dog slipped its collar. – Ит қарғыбауынан шығып кеткен. ♦The animal had slipped free and escaped. – Аң босап, қашып кетті. 9. (idm) *let slip smth (байқамай) айтып қою ♦I happened to let it slip that he had given me £1 000 for the car. – Оның маған машина үшін £1 000 бергенін айтып қойыппын. ♦She tried not to let slip what she knew. – Ол білгенін ешкімге айтпауға тырысты. *let smth slip (through your fingers) оңтайлы сәтті/ мүмкіндікті уысынан шығарып алу/ жіберіп қою ♦Don't let the chance to work abroad slip through your fingers. – Шетелде жұмыс істеу мүмкіндігін уысыңнан шығарып алма. *(slip/be thrown) out of gear [қ-з: gear (А9)] *slip your mind [қ-з: mind (А6)] *slip/roll/trip off the tongue [қ-з: roll (А16)] *slip one over on smb (informal) біреуді алдау *slip through the net (also fall/slip through the cracks) [қ-з: net (А6)] 10. (phr v) *slip away тоқтау, жоғалу; өлу ♦Their support gradually slipped away. – Олардың қолдауы бірте-бірте тоқтады. *slip out байқамай/ абайсызда айтып қою, (сөз) шығып кету ♦I'm sorry I said that. It just slipped out. – Ғафу ет. Байқамай айтып қойдым. *slip up (informal) қателесіп қалу, байқамай қателесу ♦We can't afford to slip up. – Қателесуімізге болмайды. ♦The government slipped up badly over the scandal. – Шатақ үкіметті оңбай сүріндірді. B.n 1.таю, тайып кету, сырғып кету ♦One slip and you could fall to your death. – Бір тайсаң, құлап өлер едің. 2.сүрініс, қате ♦He recited the whole poem without making a single slip. – Ол бір мүдірместен бүткіл өлеңді оқып шықты. ♦There were a few slips in the translation. – Тәржімеде бірнеше қате кеткен. 3. бір жапырақ қағаз, тілдей қағаз, титтей қағаз, қағаз қиындысы ♦I wrote it down on a slip of paper. – Бұны бір жапырақ қағазға жазып алдым. 4. әйелдердің жұқа іш киімдері (нижняя юбка, комбинация) 5. (idm) *give smb the slip (informal) қашып кету, жеткізбей кету, ұстатпай кету ♦I managed to give him the slip by hiding behind a wall. – Қабырғаның артына тығылып/ бұғынып одан қашып кеттім. *a slip of a boy, girl, etc. (old-fashioned) кішкентай, титтей ұл/ қыз ♦She’s only a slip of a thing. – Ол - титтей ғана қыз. *a slip of the pen/tongue [қ-з: pen (А4)] *there’s many a slip ’twixt cup and lip (saying) «кесе мен еріннің арасында сырғу көп болады», іс біткенше талай нәрсе болады