slope [sləʊp] A.n 1.еңіс, ылди, еңкіш; баурай, беткей, қыр, жан, жақ (syn: incline) ♦on a ∼ The town is built on a slope. – Кент беткейге салынған ♦Down the slope and beyond the road lay the Pacific Ocean. – Еңістен төмен, жолдан әрі Тынық мұхит жатты. ♦∼ of smth the eastern slopes of the Andes – Анд тауының шығыс беткейлері/ баурайлары ♦ski slopes – шаңғы тебетін баурай/ беткей ♦on a ∼ We camped on an open mountain slope. – Ашық тау баурайында қос тіктік. ♦He spends all winter on the slopes. – Қыс бойы ол тауда шаңғы тебеді. ♦a steep slope – құлама/ тік беткей/ баурай ♦a gentle slope – көлбеу беткей ♦∼ of smth a slope of 45 degrees – 45-градустық беткей/ қыр 2. (idm) *the/a slippery slope [қ-з: slippery (4)] B.v 1.көлбеу, еңістеу, төмендеу, (бір шеті) иілу, қисаю, түсіңкіреу, майысу ♦a sloping roof – еңкіш шатыр ♦The bedroom floors all sloped. – Ұйқы бөлмесіндегі еден тақтайлары майысыпты/ иіліпті. ♦The garden slopes away towards the river. – Бақ өзенге қарай еңістейді. ♦The path sloped gently down. – Аяқ жол баяу еңістеді. ♦It is a lake with steeply sloping sides. – Бұл - жағалары тік көл. 2. (қабырға, тб ж) қисаю, жантаю, маймию ♦It was a very old house with sloping walls. – Ол қабырғалары қисайған өте көне үй еді. ♦His handwriting slopes backwards. – Оның (қолмен) жазуы - шалқақ/ шалқайма. 3. (phr v) *slope off (BrE, informal) білдіртпей/ байқатпай бару/ жүру (syn: slink) ♦They got bored waiting for him and sloped off. – Олар оны күте-күте жалығып, кетіп қалды.