slosh [slɒʃ] v (informal) 1. (су, тб ж) шалпылдау, шолпылдау, шылпылдау ♦The water was sloshing around under our feet. – Су аяғымыздың астында шолпылдап жатты. ♦Some of the paint sloshed out of the can. – Сыр/ Бояу құтыдан сәл асып төгілді. 2. ∼ smth шалпылдату, тб; (суды, тб) шашу, тб ♦The children were sloshing water everywhere. – Балалар жан-жақта су шалпылдатып/ шашып ойнап жатты. ♦She sloshed coffee into the mugs. – Ол кофені құтыларға шалп еткізе құйды. 3.шалпылдата, тб жүру ♦We all sloshed around in the puddles. – Бәріміз шалшықты шалпылдаттық. ♦They sloshed through the mud in boots. – Олар аяқ киімімен балшық кешті. 4. (phr v) *slosh around/about (BrE, informal) көп/ мол болу ♦There’s a lot of money sloshing around in professional tennis. – Кәсіби теннистің төңірегі – шылқыған ақша.