slum [slʌm] A.n «лашық кент» , «кепе кент» (трущоба) (қаланың ішіндегі я жанындағы кедей-кепшік тұратын, кепе-лашықтардан құралған аудан) ♦a slum area – кепе кент ♦city/urban slums – қаладағы лашық кенттер ♦born in the slums of East London – Шығыс Лондонның лашық кентінде туған B.v 1. (usually be ∼ming) (informal) жаман күйге/ қолайсыздыққа тап болу ♦There are plenty of ways you can cut costs on your trip without slumming. – Сапар кезінде жаман халге түспей-ақ арзандатудың талай жолы бар. 2. (idm) *slum it (often humorous) қолайсыздыққа/ нашар жағдайға көну ♦Several businessmen had to slum it in economy class. – Бірнеше бизнесмен (амалсыз) эконом-кластан орын алды.